Евразия24Не болдыТехникалық ақау жүргізушілерге «айыппұл салды»

Техникалық ақау жүргізушілерге «айыппұл салды»

|

|

Өткен аптада Алматы – Тараз және «Қорғас» бағытында жүрген жүргізушілерге қомақты сомадағы айыппұлдар жаппай келе бастаған.

«Бүгін Алматы маңындағы көлік иелеріне негізсіз, қате айыппұлдар келе бастады. Маған Алматы мен Тараз арасында жолаушы тасымалдайтын таныс такси жүргізушісі хабарласты. Ертең бір топ жүргізуші мән-жайды анықтау үшін Қонаев қаласының Полиция департаментіне бармақ. Олардың бірінің айтуынша, бір күннің ішінде 14 айыппұл келген. Одан бөлек, 4-5 айыппұлдан алған жүргізушілер де аз емес», – деп журналист Ришат Асқарбекұлы Facebook парақшасында жазды

Оның айтуынша, өзі де жуырда «Қорғасқа» барып қайтқан. Осы сапардан кейін оған екі айыппұл келген. Журналист оларды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеген.

«Бүгін кешке тағы бір айыппұл келді. Тағы да сол «Қорғас» тасжолы. Хабарламаны мұқият қарасам, көліктің тіркелген жылдамдығы мен белгіленген шектеу сәйкес келмейді. Ештеңе түсінбедім. Бұл жолда жылдамдық 70 және 110 км/сағ деп белгіленген. Сонда 97 км/сағ деген шектеу қайдан шыққан? Төменде суреті бар. Камера көлікті таңғы сағат сегізде тіркеген, ал фотосурет түнде түсірілгендей көрінеді. Сөйтіп, бір аптаның ішінде төрт айыппұл алдым. Өзім жылдамдықты шектен тыс асырып, жолда жүйткіп жүретіндердің қатарынан емеспін. Сонда неге маған 50 мың теңгеге жуық айыппұл келуі керек? Құрметті Үкімет, жүргізушілерге де сәл жанашырлық танытуға болмай ма?» – деді журналист.

Сөйтсе, мәселе жүргізушілерден емес екен. Ақпараттық жүйеде техникалық ақау болған. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов халыққа үндеу жасады .

«13–14 тамыз аралығында Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде нұсқамаларды автоматты түрде қалыптастыру кезінде техникалық ақау болды. Соның салдарынан орташа жылдамдыққа қатысты кейбір құқық бұзушылықтар көліктің сол сәттегі жылдамдықты асыруы ретінде қате рәсімделген.

Қазір әріптестерімізбен бірлесіп, техникалық ақаудың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жүргізушілерге бірден айтарым: ешқайда барудың қажеті жоқ. Полицияға жүгініп, қандай да бір дәлел ұсынудың да қажеті жоқ. Қате рәсімделген нұсқамалардың барлығы анықталды және автоматты түрде жойылады. (…) Ал мұндай айыппұлдарды төлеп қойған жүргізушілерге қаражатты қайтару тәртібі қазір пысықталып жатыр. Жағдай бақылауда», – деді Мұрат Қабденов.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израильде ХАМАС шабуылының үш жылдығына байланысты аза тұту шаралары өтіп жатыр

Израиль қалаларында 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС жасаған шабуылдың үш жылдығына орай аза тұту рәсімдері өтіп жатыр, деп хабарлады сәрсенбі күні The Times of Israel.

Кремль Париждің зымыран сынағына жауап берді

Кремль сейсенбі күні Францияның ядролық оқтұмсықсыз M51.3 баллистикалық зымыранын ұшыруын Франция президенті Эмманюэль Макрон айтқандай «айқын әрі анық белгі» деп қабылдады. Алайда кез келген мәселені күш көрсету мақсатындағы зымыран ұшыру арқылы емес, келіссөз жолымен шешкен дұрыс деп санайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Ирак мұнай экспортының қысқаруына байланысты динар бағамын долларға шаққанда 13%-ға төмендетті

Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының шектелуі Ирак экспортына кері әсер етіп, ел экономикасына қысым түсірді. Осыған байланысты Ирак билігі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 13%-ға төмендетті.

Қазақстан мен Ұлыбритания білім, энергетика, логистика және ЖИ салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Анас Сарварды қабылдап, экономика мен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.