Евразия24ЖаңалықтарИран СІМ Ирак Күрдістанындағы шабуылды арандату әрекеті деп бағалады

Иран СІМ Ирак Күрдістанындағы шабуылды арандату әрекеті деп бағалады

|

|

Дубай. 18 тамыз. ИНТЕРФАКС – Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи күрдтерді арандатуға ермеуге шақырып, Ирак Күрдістанының премьер-министрі Масрур Барзанидің кеңсесіне жасалған шабуыл көршілердің арасына іріткі салуды көздейді деп мәлімдеді.

«Күрд достарымыз қырағы болып, көршілердің арасына жік салуды көздейтін арандатуларға ермеуі керек», – деп Аракчи X әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.

Оның айтуынша, Ирактың Күрдістан аймағына жасалған шабуылды «ешқалай ақтауға келмейді».

Бұған дейін Ирактың сыртқы істер министрі Фуад Хусейн Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, дүйсенбі күні Эрбильдегі Күрдістан аймақтық үкіметінің кеңселеріне дрондармен жасалған соққыларды талқылады.

Ирак СІМ мәлімдемесінде Хусейн Күрдістан премьер-министрінің резиденциясы мен жеке кеңсесіне жасалған шабуылға қатысты Иранның ресми ұстанымын түсіндіруді сұрағаны айтылған. Ол бұл оқиға «Ирактың қауіпсіздығына және өңірдегі тұрақтылыққа кері әсер ететінін» атап өтті.

Иран СІМ басшысы өз кезегінде шабуыл туралы хабарға таңданыс білдіріп, соққылардың Иран аумағынан жасалғаны жөнінде қолында ешқандай мәлімет жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ Аракчи Иран үкіметі мен Күрдістан аймақтық үкіметі арасындағы берік әрі жақсы қарым-қатынасты ескерсек, «мұндай әрекеттерді ешбір себеппен ақтауға болмайтынын» атап өтті.

Иран СІМ де болған оқиғаны айыптады.

IRNA агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ-нің ресми өкілі Исмаил Багаи бұл оқиғаны «қырағылық пен жіті назар аударуды қажет ететін аса күмәнді жағдай» деп атады.

«Ол сондай-ақ барлық тарап Иран мен Ирак арасындағы бауырластық қарым-қатынасты бұзуды көздейтін дұшпандардың арам пиғылына жол бермеу үшін бірлесіп әрекет етуі керектігін атап өтті», – делінген IRNA хабарламасында.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Демократ сенатор Конгрестің келісімінсіз Оманға соққы жасауға тыйым салуды ұсынбақ

Демократ сенатор Тим Кейн АҚШ президенті Дональд Трамптың Оманға қатысты қоқан-лоққысын тоқтату үшін Сенат қарауына әскери өкілеттіктер туралы қарар енгізетінін мәлімдеді.

Австралиядан өзге Азия қор нарықтары төмендеп жатыр

Сейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі төмендеді. Тек Австралия нарығында аздаған өсім байқалды.

Техникалық ақау жүргізушілерге «айыппұл салды»

Өткен аптада Алматы – Тараз және «Қорғас» бағытында жүрген жүргізушілерге қомақты сомадағы айыппұлдар жаппай келе бастаған.

Қазақстандықтардың басым бөлігі 23 тамызда дауыс бермек

«Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген екінші телефон сауалнамасының нәтижесі бойынша азаматтардың 73,8%-ы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға ниетті.