Евразия24ЖаңалықтарСирия Израиль соққы жасаған әуе базасына түрік әскерін орналастыру жоспары болмағанын мәлімдеді

Сирия Израиль соққы жасаған әуе базасына түрік әскерін орналастыру жоспары болмағанын мәлімдеді

|

|

Вашингтон. 20 тамыз. ИНТЕРФАКС – Сирия «Абу-ад-Духур» әуе базасындағы әскери күшті арттыру мәселесінде Түркиямен бірлескен жұмыс жүргізбеген. Соған қарамастан Израиль аталған нысанға соққы жасады. Бұл туралы Сирия Сыртқы істер министрі Асаад аш-Шибани Axios порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Ол жерде Түркияның әскери базасын құру, түрік әскерінің тұрақты орналасуына жағдай жасау немесе осы аумаққа Түркияның әскери бөлімдерін орналастыру жоспарда болған жоқ», – деді аш-Шибани.

Министрдің айтуынша, әуе базасында тек соғыс кезінде бүлінген аэродром мен оның инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

«Базада Түркияның әскери күштері болған жоқ. (…) Нысан іс жүзінде бос тұрды. Қалпына келтіру жұмыстары әлі аяқталмағандықтан, база толыққанды жұмысқа кіріскен жоқ», – деді ол.

Аш-Шибани қазіргі уақытта Сирияның әскери және азаматтық құрылымдарын қалпына келтірумен айналысып жатқанын және бұл бағытта тек Түркиямен ғана емес, бірқатар мемлекетпен ынтымақтастық орнатқанын айтты.

«Мұндай ынтымақтастық Сауд Арабиясы, Иордания, Катар және Ресеймен де жүргізілді және әлі де жалғасып келеді», – деді министр.

Ол Сирияның егемен мемлекет екенін және кез келген елмен ынтымақтастық орнатуға құқылы екенін атап өтті.

«Біз АҚШ тарапына Израильдің Сирияға қатысты ниетіне сенімсіздікпен қарайтынымызды ашық жеткіздік. Израильдің қазіргі саясаты, соның ішінде әскери шиеленісті күшейтуі мен жергілікті жердегі әрекеттері Сириядағы және жалпы өңірдегі тұрақтылыққа кері әсер етеді деп есептейміз», – деді Сирия СІМ басшысы.

Оның айтуынша, Дамаск Израильмен арадағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған келісімге қол жеткізуге әлі де мүдделі. «Алайда жағдайды тұрақтандыру бір тараптың ғана әрекетіне байланысты болмауға тиіс», – деді министр.

Аш-Шибани Израиль Сирияның қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылығын да ескеруі қажет екенін атап өтті.

Оның пікірінше, екі тарап та нақты саяси ерік танытса, Сирия мен Израиль өзара қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, Сирияның егемендігін құрметтеуге және өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін уағдаластыққа қол жеткізе алады. Бұл шиеленістің одан әрі жалғасуына жол бермеуге тиіс.

Сейсенбіге қараған түні Израиль Түркия шекарасынан шамамен 70 шақырым жерде, Сирияның Идлиб провинциясында орналасқан «Абу-ад-Духур» әскери базасына соққы жасады. Израиль премьер-министрінің кеңсесі X әлеуметтік желісінде Сирия аталған нысанға түрік әскерін орналастыруға рұқсат беру арқылы Израильмен қауіпсіздік саласындағы статус-кво жөніндегі уағдаластықты бұзуға шақ қалды деп мәлімдеді.

Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің әрекетін айыптап, оны Сирияның аумақтық тұтастығын бұзды деп мәлімдеді. Ал Сирия СІМ бұл соққыларды «негізсіз агрессия» және «өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті шиеленіс» деп бағалады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстандағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс Каспийдегі оқу-жаттығуды әзірлеу мен өткізу кезінде елеулі кемшіліктер болғанын анықтады

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия Каспийде 14 әскери қызметші қаза тапқан оқу-жаттығуды әзірлеу және жоспарлау барысында елеулі кемшіліктер жіберілгенін анықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті оқу-жаттығуда әскери қызметшілер қаза тапқаннан кейін Қорғаныс министрлігінде жүргізілген аудит нәтижелерімен танысты

Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылғанын анықтау мақсатында жүргізіліп жатқан жоспардан тыс аудиттің барысы туралы есеп берді, деп хабарлады дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Әлемдегі мұнай қоры қауіпті деңгейге дейін азайды – Saudi Aramco

Мұнай жеткізуде іркіліс болған жағдайда оның салдарын жеңілдетуге мүмкіндік беретін әлемдік мұнай қоры «алаңдатарлықтай төмен» деңгейге дейін азайды. Бұл туралы Сауд Арабиясының мемлекеттік Saudi Aramco компаниясының басшысы Амин Насер мәлімдеді.