Евразия24ЖаңалықтарҚытай әуедегі нысандарды алыстан жоюға арналған гипердыбыстық қару әзірледі

Қытай әуедегі нысандарды алыстан жоюға арналған гипердыбыстық қару әзірледі

|

|

Пекин. 24 тамыз. ИНТЕРФАКС – Қытай әуе нысандарына қарсы зымырандарды алып жүріп, оларды алыс қашықтықтан ұшыруға мүмкіндік беретін гипердыбыстық маневрлі жауынгерлік блок технологиясын әзірледі. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg хабарлады.

Агенттік мәліметінше, Қытай әскері жасаған жаңа гипердыбыстық блоктан «әуе – әуе» санатындағы зымырандарды ұшыруға болады. Мұндай мүмкіндік ұшыру нүктесінен мың мильдей қашықтықта жүрген әуе командалық пункттері секілді стратегиялық маңызы жоғары нысандарға соққы беруге жол ашады.

Bloomberg дереккөзінің айтуынша, бұл жаңалық Қытайдың ауқымды зымыран арсеналын әскери міндеттердің барынша кең аясында пайдалануға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі. Агенттік Қытайдың иелігінде 3 150-ден астам баллистикалық зымыран бар екенін атап өтеді.

Қытай мамандары «әуе – әуе» зымырандарын гипердыбыстық қанатты зымырандардың кейбір түріне де орналастырудың жолын тапқан. Бұдан бөлек, бірқатар зымыранға теңіздегі суүсті нысандарына соққы беру мүмкіндігі қосылған.

Bloomberg-тің жазуынша, Қытай мен АҚШ арасында қарулы қақтығыс туындаған жағдайда бұл қару америкалық әскери авиацияға елеулі қауіп төндіруі мүмкін. Өйткені майдан шебінен шалғайда әрекет ететін Boeing E-4 әуе командалық пункттері, алыс қашықтықтан радиолокациялық бақылау және басқару ұшақтары, сондай-ақ әуеде жанармай құятын ұшақтар да оның нысанасына айналуы ықтимал.

Агенттік Қытайдан өзге қандай да бір елдің гипердыбыстық жауынгерлік блокты «әуе – әуе» зымырандарымен бір жүйеге біріктіре алғаны әзірге белгісіз екенін атап өтті.

Пентагонның 2024 жылғы бағалауына сәйкес, Қытайдың қару-жарақ қорында кемінде 3 150 баллистикалық және жерден ұшырылатын 300 қанатты зымыран бар. АҚШ мұндай мәліметтерді жариялай бастаған 2015 жылмен салыстырғанда олардың саны тиісінше 147% және 50%-ға артқан.

АҚШ та әуедегі нысандарды алыс қашықтықтан жоюға арналған қару түрлерін жетілдіріп жатыр. Bloomberg мұндай жүйелердің болашақтағы әскери қақтығыстарда маңызды рөл атқаратынын атап өтеді.

Атап айтқанда, АҚШ зениттік зымыран негізінде жасалған AIM-174B Gunslinger басқарылатын «әуе – әуе» зымыранын әзірлеуде. Оның болжамды ұшу қашықтығы – 430 шақырым. Сонымен қатар 200 шақырымға дейінгі нысандарды жоюға арналған AIM-260 JATM зымырандары шығарылып жатыр, алайда олар әлі қару-жарақ қатарына қабылданбаған. Сенбі күні АҚШ Әскери-теңіз күштері ұшу қашықтығы 480 шақырымнан асады деп болжанған AIM-424 LRAAM зымырағын сынақтан өткізгенін хабарлады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты құттықтау жолдаған шетелдік әріптестеріне алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының өтуіне байланысты құттықтау жолдаған Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Тәжікстан басшыларына алғыс білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қор ел игілігіне қызмет етуі тиіс

Еуразия24 Құрылтай сайлауынан кейін айтылған ең маңызды мәлімдемелердің біріне назар аудармай өте алмайды. Әзірге бұл бастама жүзеге асқан жоқ, алайда оның алдағы уақытта қолға алынуы мүмкін екені жария етілді. Оның үстіне бұл туралы Мемлекет басшысының өзі айтты. Сондықтан мәселенің нақты шешімге ұласуы әбден мүмкін.

Тоқаев Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өткенін айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихында алғаш рет өткен Құрылтай – бір палаталы парламент депутаттарын сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Құрылтайдағы орындардың басым бөлігі «Әділетке» бұйыруы мүмкін

Жексенбі күні өткен сайлау қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең ірі «Әділет» партиясы Құрылтайдағы 145 орынның 111-іне ие болуы мүмкін. Бұл – Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала мәліметтер негізінде «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі жасаған есеп.