Евразия24ЖаңалықтарТрамп Канададағы француз тіліне қарсы ешқандай талабы жоқ екенін мәлімдеді

Трамп Канададағы француз тіліне қарсы ешқандай талабы жоқ екенін мәлімдеді

|

|

Вашингтон. 25 тамыз. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп Оттаваның мәлімдемелерін жоққа шығарып, Канадада француз тілінің қолданылуына қарсы емес екенін айтты. Француз тілі ағылшын тілімен қатар Канададағы ресми тілдердің бірі саналады.

«Мен канадалықтардың француз тілінде сөйлеу құқығына ешқашан кедергі келтірмеймін! Мұндай ақылға қонбайтын нәрсе ойыма да келген емес», – деп жазды Трамп сейсенбі күні Truth Social әлеуметтік желісінде.

Трамптың айтуынша, Канада премьер-министрі Марк Карни бұл мәселені Квебек тұрғындарының саяси қолдауына қайта ие болу үшін әдейі көтерген.

АҚШ президенті франкофон канадалықтарға жылы қарайтынын да атап өтті.

АҚШ пен Канада арасындағы қарым-қатынас тамыз айының басында тараптар жаңа сауда шарттары бойынша мәмілеге келе алмағаннан кейін шиеленісе түсті. Сенбі күні жалпы құны 20 млрд доллар болатын бірқатар канадалық тауарға, соның ішінде сыра мен ірімшікке АҚШ-тың 50 пайыздық бажы күшіне енді.

Бұған дейін Марк Карни АҚШ өкілдері Канадаға экспортталатын тауарлардың қаптамасына француз тілінде ақпарат жазу талабын саудадағы кедергілердің бірі ретінде қарастыратынын мәлімдеген. Карнидің сөзінше, Вашингтон ұсынған сауда келісімі қабылданса, елдегі француз тілі мен франкофон мәдениетінің жағдайына кері әсер етуі мүмкін.

CNN мәліметінше, АҚШ тарапы тауарларға француз тілінде міндетті түрде таңбалау талабын алып тастауды ұсынған. Өйткені бұл талапты сақтау өндірушілерге Канада нарығына арналған қаптаманы бөлек дайындап, қосымша шығын шығаруға тура келеді.

Француз тілінің мәртебесі тұрғындарының басым бөлігі осы тілде сөйлейтін Квебек провинциясы үшін ерекше маңызға ие. Квебек заңнамасына сәйкес, тауар қаптамасында оның атауы француз тілінде көрсетілуге тиіс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ Иран маңында ірі әскери-теңіз күштерін ұстап отыр

Иран маңында әскери міндеттерін орындап жүрген АҚШ Әскери-теңіз күштерінің құрамында қазір кемінде 20 жауынгерлік кеме бар. Бұл туралы АҚШ Әскери-теңіз институтының ақпарат қызметі хабарлады.

Канада АҚШ тауарларына жауап ретінде баж енгізуге дайындалып жатыр

Канада премьер-министрі Марк Карни сейсенбі, 25 тамызда АҚШ тауарларына жауап ретінде баж енгізілетінін жариялауы мүмкін. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасаған Associated Press хабарлады.

Ресей мен АҚШ ХҒС жобасы аяқталғаннан кейін де ғарыш саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруы мүмкін

Роскосмос» пен NASA Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) жұмысы аяқталғаннан кейінгі бірлескен жобаларды талқылады. Келіссөз барысында тараптар ғарыш техникасына қатысты бірқатар техникалық мәліметпен өзара бөліскен.

«Әділет» сайлауда 71,17% дауыс жинап, Құрылтайдағы 110 мандатқа ие болды

Құрылтайға өту үшін белгіленген 5 пайыздық межеден бес партия өтті. Сайлауда «Әділет» партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.