Евразия24ЖаңалықтарЕО Израильдің Палестина жеріндегі қоныстарын бейбітшілікке кедергі деп санайды

ЕО Израильдің Палестина жеріндегі қоныстарын бейбітшілікке кедергі деп санайды

|

|

БРЮССЕЛЬ. 8 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Еуропалық одақ басып алынған Палестина аумағындағы Израиль қоныстары халықаралық құқыққа қайшы деген ұстанымын тағы да растады.

«Бұл қоныстар бейбітшілік орнатуға және екі мемлекеттің қатар өмір сүруіне негізделген шешімді жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Біз Израильді қоныстарды кеңейтуді тоқтатуға үнемі шақырып келеміз. Сондай-ақ премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы заңсыз қоныс орындарын жою жөніндегі тапсырмасының орындалуын мұқият қадағалаймыз», — деді сейсенбі күні Брюссельде өткен брифингте ЕО сыртқы саясат ведомствосының басшысы Кая Калластың ресми өкілі Ануар әл-Ануни.

Ол Еуроодақтың адам құқықтарына қатысты жаһандық санкциялық тәртіп аясында радикал көзқарастағы қоныстанушылар мен олардың ұйымдарына шектеу енгізгенін еске салды. Қазір санкциялар 12 адам мен 9 ұйымға қатысты қолданылады.

Ануар әл-Анунидің айтуынша, жаңа санкциялар жөніндегі ұсыныстар да талқыланып жатыр және ЕО Кеңесінің қарауында.

Сондай-ақ ол Еурокомиссияның Израиль қоныстарында өндірілген тауарларды Еуроодаққа әкелуге тыйым салу туралы ұсынысына қатысты пікірталасқа тоқталды.

«Шілде айында өткен ЕО Сыртқы істер кеңесінің соңғы ресми отырысында ұсынылған нұсқалардың ешқайсысы бойынша ортақ шешімге келу мүмкін болмады. Еурокомиссия ұсынған шаралардың бірде-бірі жеткілікті қолдау тапқан жоқ. Сондықтан бұдан әрі қандай қадам жасау керектігін мүше мемлекеттер өздері шешуге тиіс», — деді ЕО өкілі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

БАӘ басшысы ХАМАС шабуылы туралы Нетаньяхуға алдын ала ескерткен

Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығы 2023 жылғы 7 қазандағы шабуылдан бірнеше күн бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға ХАМАС-тың ауқымды шабуыл әзірлеп жатқаны туралы ескерткен.

Валюта нарығында доллар тұрақтылығын сақтады

Сейсенбі күнгі саудада АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Ал иенамен арадағы бұрынғы төмендеуінің орнын толтырды.

Ресей Вьетнаммен сауда-экономикалық байланысты дамытуға басымдық береді

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Вьетнам Компартиясы Орталық комитетінің бас хатшысы, ел президенті То Ламмен кездесуінде Мәскеудің Вьетнаммен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін мәлімдеді.

Қазақстан экономикасына 2035 жылға дейін 2,9 млн маман қажет болады

2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет болады. Оның 1,8 миллионы жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.