Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚазақстандық оқушылар PISA-2025 зерттеуінде қандай нәтиже көрсетті?

Қазақстандық оқушылар PISA-2025 зерттеуінде қандай нәтиже көрсетті?

|

|

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ЭЫДҰ PISA-2025 халықаралық зерттеуінің нәтижелерін жариялады. Қазақстанда зерттеу 2025 жылы сәуір-мамыр айларында өтті. Оған еліміздің барлық өңіріндегі 643 білім беру ұйымынан 15 жастағы 22 680 оқушы қатысты. Жалпы, зерттеудің жаңа кезеңі 91 ел мен аумақты қамтып, оған 15 жастағы 760 мыңнан астам оқушы тартылды. Зерттеу нәтижесі Қазақстан мектептерінің цифрлық технологияларды қолдануға дайындығы ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткішінен едәуір жоғары екенін көрсетті. Оқушылардың 80%-ына сабақ барысында жасанды интеллект жасаған контентті бағалау дағдылары үйретіледі. ЭЫДҰ бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен 63%-ды құрайды. Сонымен қатар оқушылардың 85%-ы цифрлық құрылғыларды пайдалануға қатысты пәндік ұсынымдар енгізілген мектептерде білім алады. ЭЫДҰ елдеріндегі орташа көрсеткіш – 71%. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты көрсеткіштер де жоғары. Қазақстандық оқушылардың 77%-ы буллингке ұшырамайтынын айтқан. Ал ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіш 53%-ды құрайды. PISA-2025 зерттеуінде негізгі назар жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа аударылды. Қазақстандық оқушылардың орташа нәтижесі жаратылыстану пәндері бойынша 420 балл, математикадан 414 балл, оқу сауаттылығынан 385 балл болды. Жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығы бойынша көрсеткіштер PISA-2022 деңгейінде сақталған. Сонымен бірге жаратылыстану пәндері бойынша нәтиже 2018 жылғы көрсеткіштен жоғары, ал оқу сауаттылығы бойынша ұзақ мерзімді көрсеткіш айтарлықтай өзгермеген.

 

Еуразия24 пікірі:

PISA-2025 нәтижесін тек негізгі үш көрсеткішпен – жаратылыстанудан 420, математикадан 414 және оқу сауаттылығынан 385 балмен бағаласақ, қазақстандық оқушылардың білім сапасына қатысты мәселелер әлі де өзекті екенін көреміз. Дегенмен зерттеу бірқатар оң өзгерісті де көрсетіп отыр. Жаратылыстану сауаттылығы бойынша биылғы нәтиже 2018 жылғы деңгейден жоғары. Оқу сауаттылығы да соңғы он жылдан астам уақыт ішінде айтарлықтай құлдырамаған. Сонымен қатар 2018 жылмен салыстырғанда жаратылыстанудан төмен нәтиже көрсеткен оқушылардың үлесі 12 пайыздық тармаққа азайды.

PISA-2025 деректеріне кеңірек қарағанда, Қазақстанның кейбір көрсеткіштері ерекше назар аудартады.

Мәселен, 15 жастағы қазақстандық оқушылардың өмірге қанағаттану деңгейі 8,63 бал болды. Бұл – осы көрсеткіш бойынша мәлімет ұсынылған 83 ел мен білім беру жүйесінің арасындағы ең жоғары нәтиже.

Қазақстан оқушылардың жаңа жағдайға бейімделіп, ойлау тәсілін өзгерте алу қабілеті бойынша да жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ел 80 қатысушының ішінде 8-орынға ие болды. Буллингке қатысты ахуал да ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен жақсы. Қазақстандық оқушылардың 9%-ы ғана айына бірнеше рет немесе одан жиі буллингке тап болғанын айтқан. ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш орта есеппен 20%-ды құрайды.

Енді негізгі міндет – оқу үлгерімін сипаттайтын академиялық көрсеткіштерді жақсарту. Сонда ғана ұзақ уақыт бойы айтарлықтай өзгеріс байқалмаған орта білім беру жүйесінде нақты ілгерілеу бар деуге негіз болады.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.