Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Құрылтайы Киберқылмыс туралы Будапешт конвенциясын ратификациялады

Қазақстан Құрылтайы Киберқылмыс туралы Будапешт конвенциясын ратификациялады

|

|

Астана. 30 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырыста «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» тілшісі.

Еуропа Кеңесінің 2001 жылы қабылданған Компьютерлік қылмыстар туралы конвенциясы (Будапешт конвенциясы) – ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күреске бағытталған алғашқы халықаралық шарт.

2023 жылғы 19 сәуірде Қазақстанға конвенцияға қосылу туралы ұсыныс жасалды. Бұл шақыру қабылданған күннен бастап бес жыл бойы күшінде болады.

«Конвенцияда экстрадиция, ақпарат алмасу және бірлескен тергеу іс-шараларын жүргізуді қоса алғанда, халықаралық құқықтық көмек көрсету тетіктері қарастырылған», – делінген Құрылтайдың бейінді комитетінің қорытындысында.

Конвенция компьютерлік жүйелер мен желілердің, компьютерлік деректердің құпиялылығына, тұтастығына және қолжетімділігіне нұқсан келтіретін қылмыстарға, сондай-ақ мұндай жүйелерді, желілер мен деректерді заңсыз пайдалануға қарсы күресуге бағытталған. Құжат мұндай қылмыстарды анықтау мен тергеуді жеңілдетіп, оларға қарсы тиімді күрес жүргізу үшін қажетті өкілеттіктер беруді көздейді.

Сонымен қатар конвенция компьютерлік қылмыстарды ел ішінде де, халықаралық деңгейде де қылмыстық қудалауды, сондай-ақ жедел әрі сенімді халықаралық ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыруды қарастырады.

Заң киберқылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға, шет мемлекеттермен электрондық дәлелдер мен ақпаратты жедел алмасуға құқықтық негіз қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін халықаралық стандарттарға сай жетілдіруге бағытталған.

Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев ауыл шаруашылығын қолжетімді шарттармен несиелеуге банктерді кеңінен тарту қажет деп санайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне екінші деңгейлі банктердің аграрлық саланы қолжетімді шарттармен несиелеуге қатысуын кеңейту мәселесін шешуді тапсырды.

Қазақстан жасанды интеллектінің көмегімен әлемдік деңгейдегі азық-түлік өндіруші елге айналуы мүмкін – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ауыл шаруашылығына жасанды интеллект технологияларын енгізу саланың дамуына тың серпін беріп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі азық-түлік өндіруші елге айналуына жол ашуы мүмкін.

Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу үшін аграрлық саладағы бағдарламаларды оңтайландыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Үкіметке аграрлық саладағы бағдарламаларды жан-жақты талдауды тапсырды.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке салық жеңілдіктерін беру және проблемалық қарызы кешірілген азаматтарды жеке табыс салығынан босату жөніндегі өзгерістер мақұлданды

Қазақстанда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 30-шы отырысында салық заңнамасына қатысты екі түзету мақұлданды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.