Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚазақстан көмірі Еуропа нарығына қайта жол тартты

Қазақстан көмірі Еуропа нарығына қайта жол тартты

|

|

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, 2025 жылдың ақпанында Еуропалық Одақтың 16-шы санкциялық пакеті аясында Ресейдің бірқатар порттарымен кез келген мәміле жасауға тыйым салынған. Бұл шешім Қазақстан көмірінің Еуропа нарығына тұрақты жеткізілуіне қауіп төндірді. Атап айтқанда, Усть-Луга порты – Қазақстан көмірін Еуропа елдеріне жеткізуде дәстүрлі түрде пайдаланылып келе жатқан негізгі транзиттік нүкте. Осыған байланысты қалыптасқан жағдайды шешу мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстанның ЕО жанындағы өкілдігімен бірлесіп, еуропалық тараппен әртүрлі деңгейде келіссөздер жүргізді. Еуропалық комиссияға санкциялық тізімді қайта қарау және Қазақстан көмірін транзиттеу мақсатында аталған порттарға қатысты шектеулерді алып тастау жөнінде ресми өтініш жолданды. Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде ЕО-ның 18-ші санкциялық пакеті аясында белгілі бір ресейлік порттар арқылы Қазақстан көмірін транзиттік тасымалдауға қатысты тыйым алынып тасталды. Бұл қадам Қазақстан мен Еуропалық Одақарасындағы экономикалық ынтымақтастықтың сақталуына және энергия ресурстары саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Евразия24 пікірі:

Қазақстан дипломатиясының жоғары деңгейі – экспорттық маңызды тауарлардың бірі болып саналатын көмірді жанама екінші деңгейлі санкциялардың шеңберінен шығара білуімен айқындалды. Алайда бұл үдерістек Қазақстан үшін тиімді шешім ғана емес, Еуропа үшін де қажетті қадамболып отыр. Қазіргі энергетикалық жағдайды ескерсек, әсіресе газ нарығындағы күрделі ахуал аясында, Еуропа елдері үшін көмір – отын қажеттілігін өтеудің баламалы тетігіне айналды. Сондықтан ЕО аумағына Қазақстан көмірінің Ресейдің санкция салынған порттары арқылы транзитпен қайта жеткізіле бастауы — қайырымдылық емес, өзара пайдалы, прагматикалық шешім. Айта кету керек, Еуроодақ бұл шектеулерді бірқатар шарттармен жұмсартты. Атап айтқанда, транзитке рұқсат тек Қазақстанда өндірілген көмірге ғана беріледі; бұл көмірге меншік құқығы санкцияланған мемлекеттердің резиденттерімен байланысы жоқ тараптарға тиесілі болуы тиіс; порт аумағында көмір тек уақытша сақтау мен жөнелту мақсатында болуы қажет, ал ол жерде ешқандай коммерциялық мәміле жасалмауы тиіс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.