Евразия24ЖаңалықтарҚазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады

Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады

|

|

АСТАНА. 3 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.

Келісімге 2024 жылғы сәуірде Ереван қаласында қол қойылған. Құжат тарап мемлекеттердің азаматтарына бір-бірінің аумағына кіріп-шығуға, транзитпен өтуге, қозғалып жүруге және 90 күнге дейін тұруға рұқсат береді. Бұл құқықтар мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап есептеледі және келісімде көрсетілген жарамды құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл туралы Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қорытындысында айтылған.

Келісім аясында шетелге шығуға арналған құжаттардың тізімі кеңейтілді. Енді Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен, ал армян азаматтары Қазақстанға идентификациялық карта арқылы кіре алады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек Ресей мен Қырғызстанға сапар кезінде болған.

Мәжіліс депутаты Дмитрий Колоданың мәліметінше, келісім жобасы бойынша азаматтар 90 күнге дейін тараптардың аумағында уақытша тіркеусіз бола алады. Бұл мерзім жарты жыл ішінде 90 күннен аспауы тиіс, белгіленген уақыттан кейін азаматтар уақытша тұруға рұқсат алуы керек. Бұған жұмысқа орналасу, емделу, оқу, отбасы біріктіру немесе кәсіппен айналысу негіз бола алады.

Оның айтуынша, келісім азаматтардың сапары мен болу тәртібін құқықтық тұрғыдан реттеуді тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Депутат келтірген деректер бойынша, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанға шамамен 12 мың армян азаматы келген, ал 10 мыңнан астамы елден шыққан. Қазіргі таңда Қазақстанда 1 714 армян азаматы тұрақты тұру ықтиярхатымен өмір сүріп жатыр.

Қабылданған заң Парламент Сенатының қарауына жіберілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Пикакс тауындағы жерасты нысанының қорғанысын күшейтіп жатыр

Иран Пикакс тауының астындағы ядролық бағдарламамен байланыстырылатын нысанның кіреберістерін қосымша бекіте бастаған. Вашингтондағы Ғылым және халықаралық қауіпсіздік институты (ISI) 11 қыркүйекте түсірілген спутниктік суреттерді зерттеп, осындай қорытындыға келді.

SpaceX 28 қыркүйекте Starship-ті алғаш рет Жер орбитасына ұшырады

Ай мен Марсқа адам ұшыру үшін жасалып жатқан Starship ғарыш кемесі 28 қыркүйекте алғаш рет Жер орбитасына шығады. SpaceX мәліметінше, бұл жолы кеме бұған дейінгі сынақтардағыдай суборбиталық бағытпен шектелмей, Жерді толық айналып ұшады.

Азия қор нарықтарының басым бөлігі өсіп жатыр

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі жоғарылап келеді. Австралия нарығында ғана аздаған төмендеу байқалды.

Еурокомиссия Украинаға дрондар мен зымырандар сатып алуға 3,3 млрд еуро бөледі

Еуропалық комиссия Украинаға қару-жарақ сатып алуға 3,3 млрд еуро аударатынын мәлімдеді. Қаражат Украинаға қолдау көрсетуге арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасы аясында жұма күні Киевке беріледі.