Евразия24ЖаңалықтарТоқаев жер телімдерінің кадастрлық құнын айқындау әдістемесін қайта қарауды тапсырды

Тоқаев жер телімдерінің кадастрлық құнын айқындау әдістемесін қайта қарауды тапсырды

|

|

Астана. 14 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке ел аумағындағы жер телімдерінің кадастрлық құнын айқындау әдістемесін қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Мәселенің бірі – жер телімдерінің кепілдік құнының төмендігі. Қолданыстағы кадастрлық бағалау жүйесі шынайы нарықтық жағдайға мүлдем сәйкес келмейді. Үкімет бұл мәселеге назар аударып, кадастрлық құнды айқындау әдістемесін қайта қарауы қажет», – деді Мемлекет басшысы Астанада өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумында сөйлеген сөзінде.

Жайылым мәселесіне тоқталған Президент 2022 жылдан бері 14 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылғанын атап өтті.

«Жер – халық игілігіне қызмет етуі керек. Бірнеше жыл бұрын мен заңсыз алынған әрі пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтаруды тапсырған болатынмын», – деп еске салды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жер телімдері нақты жұмыс істей алатын әрі кәсіппен айналысуға ынталы азаматтарға берілуі тиіс екенін айтты.

«Алайда бұл маңызды жұмыс баяу жүріп жатыр. Сондықтан Жолдауымда мемлекетке қайтарылған барлық жерлерді келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуді тапсырдым. Бұл мәселеге қатысты әкімдіктердің жоспары қағаз жүзінде қалып қоймауы тиіс. Ең бастысы – жердің бос жатуына жол бермеу», – деді Президент.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Үкімет мал шаруашылығы саласындағы бизнесті қолдау жоспарын әзірлеуде.

«Жайылымдар нақты игеру жоспары бар ауыл тұрғындары мен инвесторларға берілуі керек. Келесі жылдың ортасында қабылданатын құжатта осы мәселені шешудің нақты жолдары көрсетілуі тиіс», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстанның халықаралық инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндігіне тоқталды

Қазақстанның халықаралық маңызы бар ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндігі мол. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өткен БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС плюс» форматындағы пленарлық отырысында айтты.

Тоқаев БРИКС саммитінде жаһандық қауіпсіздік мәселелерін көтерді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өткен БРИКС пленарлық отырысында өңірлік қақтығыстардың трансшекаралық инфрақұрылымға төндіріп отырған қаупіне назар аударып, ұйым елдерін шиеленістерді реттеуге атсалысуға шақырды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Тоқаев Эфиопия Премьер-министрімен сауда және инвестиция мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесіп, екі ел арасындағы сауда мен инвестициялық байланысты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілімен ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС саммиті аясында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.