Евразия24ЖаңалықтарТоқаев 2030 жылға дейін Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есеге арттыруды...

Тоқаев 2030 жылға дейін Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есеге арттыруды тапсырды

|

|

Астана. 14 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәліметінше, соңғы он жыл ішінде еліміздің ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,3 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге дейін өсіп, 2,5 еседен астам артқан.

«Соңғы онжылдықта ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,5 еседен астам өсіп, 3,3 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге жетті. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті тағы екі есеге ұлғайтуымыз қажет. Бұл – қолымыздан келетін міндет», – деді Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында.

Мемлекет басшысы атап өткендей, агроөнеркәсіптік кешен қарқынды дамып келеді: жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 20%-дан аса өсіп, 790 млрд теңгеге жеткен. Соңғы үш жылда еңбек өнімділігі 37,3%-ға артқан.

«Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жаһандық рейтингте 32-орында. Бұл – жаман көрсеткіш емес, дегенмен, бұл салада тоқмейілсуге болмайды. Ашық айтайық, ауыл шаруашылығының зор әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Қазақстан жайылымдық жер көлемі бойынша әлемде алтыншы, ал егістік жер көлемі бойынша сегізінші орында. Демек, бізде барлық қажетті ресурс бар – тек оны тиімді пайдалану қажет», – деді президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Есепте арзандаған дәрі дәріханада қымбат: үкімет нарықты ретке келтірмек

Қазақстанда дәрі-дәрмек жалпы инфляциядан әлдеқайда жылдам қымбаттап жатыр. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі әрбір төртінші препараттың бағасы төмендегенін мәлімдейді. Бұл қайшылық 3 қарашада халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қаралған үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында байқалды. Дегенмен шенеуніктер тек баға жайын сөз еткен жоқ. Олар мемлекеттік сатып алуда миллиардтаған теңге үнемделгенін айтып, жаңа фармацевтикалық өндірістер ашылатынын, тегін дәрі-дәрмекпен қамту аясы кеңейіп, цифрлық бақылау күшейетінін хабарлады. Мұның бәрі, сөзсіз, маңызды. Бірақ қазақстандықтар осы қамқорлықтың игілігін көре ме? Мәселенің мәніне үңіліп көрейік.

Песков Ресейдің ТМҰ-ға қатысуы туралы пікір білдірді

Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуы қисынды әрі орынды болар еді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге әзірге ресми шақыру түспеген.«Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келсек, өздеріңіз білетіндей, Ресейдің бірқатар өңірінде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары тұрады», – деді Песков.

Өзгенің баласын өз атына жаздырған ер адам енді одан бас тарту үшін Конституциялық сотқа жүгінді

Астанадағы Конституциялық сотта судья-баяндамашы Айжан Жатқанбаеваның төрағалығымен баланың анасымен ажырасқаннан кейін өзінің әкелігін даулап отырған ер адамның өтініші қаралып жатыр. Ол баланың биологиялық әкесі емес.

Еңбек министрлігі: сынақ мерзімі жалақы төлемеуге негіз емес

Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдағанда оның кәсіби дағдыларын және тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Алайда сынақ мерзімі азаматтардың еңбек құқықтарын шектемейді.