Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттар«Дипломатиялық жауап» па, әлде жанама айыптау ма?

«Дипломатиялық жауап» па, әлде жанама айыптау ма?

|

|

KazTAG хабарлайды: Украина Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Георгий Тихий Новороссийскідегі Қазақстан мұнайын тасымалдайтын нысанға жасалған шабуылға байланысты Қазақстан СІМ-нің наразылығына жауап берді. «Украина Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына қатысты Қазақстан Республикасының алаңдаушылығын назарға алды. Украина тарапынан жасалып жатқан ешбір әрекет Қазақстан Республикасына немесе өзге үшінші тараптарға бағытталған емес. Барлық күш-жігеріміз Ресей Федерациясының кең ауқымды агрессиясына қарсы әрекет етуге бағытталған. Бұл – БҰҰ Жарғысының 51-бабында кепілдендірілген өзін-өзі қорғау құқығын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан әрекеттер», – деді Тихий жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде. Оның айтуынша, Украина Қарулы күштері мұқият есептелген және стратегиялық тұрғыда негізделген қорғаныс операциялары аясында агрессордың әскери-өнеркәсіптік әлеуетін жүйелі түрде әлсіретіп, оның басқыншылық соғыс жүргізу мүмкіндіктерінен айыруға күш салуда.«Украина агрессордың нысандарына жауапты соққылар жасап жатыр. Қара теңіз өңірінде және одан тысқары аумақтарда тұрақсыздық тудырушы жалғыз фактор – бұл Ресейдің агрессиялық әрекеттері», – деп нақтылады Тихий. Сонымен қатар ол Қазақстан тарапынан бұған дейін Ресей Федерациясының Украинадағы бейбіт тұрғындарға, тұрғын үйлерге, азаматтық инфрақұрылым мен энергетикалық жүйеге, соның ішінде украин атом электр станцияларының қосалқы нысандарына жасаған соққыларына қатысты ешқандай айыптау мәлімдемесі болмағанына ерекше назар аударды. «Бар-жоғы екі күн бұрын Ресей Украинаға қарсы тоғыз сағатқа созылған кешенді зымырандық және дрондық шабуыл жасады. Соның салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, жарақат алды. Киев қаласында 500 мыңнан астам, Киев облысында 100 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды», – деп Украина СІМ өкілі мәлімдеді.

 

Евразия24 пікірі:

Украина Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Георгий Тихийдің Қазақстанға бағытталған дипломатиялық  жауабы ерекше әдіспен құрылып отыр: Новороссийскідегі мұнай инфрақұрылымының зақымдануына алаңдаушылық білдіргені үшін Қазақстанның өзін кінәлауға жақын. Айтпағы – егер бұған дейін Қазақстан Ресей тарапынан Украинадағы бейбіт инфрақұрылымға жасалған шабуылдарды ашық айыптамаған болса, енді неге наразылық білдіруде? Алайда, егер Ресей соққыларының салдарынан Украина аумағында Қазақстанның экономикалық мүдделері зардап шеккен жағдайда, Астана тарапынан дәл осындай наразылық Мәскеуге де жолданары анық.Себебі Қазақстан бұл қақтығысқа бейтарап позициямен қарайды әрі оған әскери немесе саяси тұрғыда араласқан емес. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс басталғалы бері тұрақты түрде келіссөз бен атысты тоқтату жолымен мәселені бейбіт реттеуге үндеп келеді. Бәлкім, Георгий Тихий Батыс елдерінің Ресейден газ тасымалынан бас тартуы секілді, Қазақстан да өз ұлттық мүдделерінен бас тартып, Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай тасымалдаудан ашық түрде бас тартуы тиіс деп санайтын болар? Алайда ондай жағдайда Украина тарапы балама экспорт бағытын ұсынуы керек еді. Ал қазіргі таңда сол деңгейдегі сенімді әрі балама экспорт мүмкіндігі жоқ. «Бәріміз бірге зардап шегейік» деген ұсыныс Астанаға сай келмейді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жапония Қытайдың әскери ұшағының әрекетіне байланысты алаңдаушылық білдірді

Жапония үкіметі Қытай тарапына наразылық білдірді. Бұған Қытайдың әскери ұшағы Жапонияның Окинава аралы маңында жапондық F-15 жойғыштарына радарын бағыттағаны себеп болды, деп хабарлайды жексенбі күні Associated Press (AP) агенттігі.

Индонезияның шығысында 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Индонезияның шығыс бөлігіндегі Банда теңізі аумағында жексенбі күні 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Ресей ғылым академиясы Біріккен геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы.

Трамптың Венесуэлаға қатысты әрекеттері аралық сайлауға кері әсер етуі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамптың есірткі тасымалдауға қатысы бар делінген кемелерге соққы беруі және Венесуэлаға қарсы құрлықтағы әскери операция жүргізу туралы мәлімдемесі республикалық партияның кейбір өкілдері арасында алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды The Washington Post.

Макрон, Стармер және Мерц дүйсенбі күні Лондонда АҚШ пен Украина өкілдерінің келіссөздерін талқыламақ

Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Германия канцлері Фридрих Мерц дүйсенбі күні Лондонда кездесіп, АҚШ пен Украина өкілдерінің Майамидегі келіссөздерінің нәтижелерін ескере отырып, Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі бірлескен іс-қимылды үйлестіруді жоспарлап отыр.