Евразия24Арғы беттеОрталық Азия дауысы естіле бастады

Орталық Азия дауысы естіле бастады

|

|

«Соғыс аяқталған соң, Орталық Азия қайтадан көлеңкеде қала ма?» Бұл туралы  exclusive.kz  басылымы жазады. BCG компаниясының серіктесі әрі директоры Константин Полуниннің Berliner Zeitung газетіне берген сұхбатын тоқталсақ…

«Ресей мен Украина шиеленісінен кейін Орталық Азия геосаяси сілкіністердің «жеңімпаздарының» бірі ретінде қарастырылып келеді. Жаңа көлік дәліздері, ірі державалар арасында саяси маневр жасау, инвесторлардың қызығушылығының артуы. Алайда «соғыс аяқталған соң не болмақ?» деген сұрақ туындайды. Бұл өрлеу – дағдарыстың ғана жемісі ме, әлде өңір қайтадан тасада қала ма?»

Тағы бір үзінді:

«КСРО ыдырағаннан кейін дүниеге келген жас буын өзіндік жаңа сана-сезім қалыптастырып жатыр: олар өздерін енді посткеңестік кеңістіктің бір бөлігі ретінде емес, әлемге өзін ашық, заманауи әрі тәуелсіз мемлекеттердің азаматтары ретінде таныстырады. Бұл эволюция мәдениеттен бастап білім беру мен қалалық өмір салтына дейінгі барлық салада көрініс табуда. Ташкент, Алматы және Астана – жаһандық технологиядан өнерге дейінгі желілерге белсенді түрде кірігіп жатқан қарқынды дамып келе жатқан мегаполистерге айналуда. Ұзақ мерзімді перспективада бұл – ең маңызды өзгеріс болуы мүмкін: Орталық Азия өз үнін айта бастады».

 

Евразия24 пікірі:

BCG — халықаралық басқару консалтингі саласына маманданған компания, McKinsey және Bain & Company секілді алпауыттармен қатар «басқару консалтингі саласындағы үлкен үштікке» кіреді.

Қазақстанда да «BCG in Kazakhstan» бар, және бір кездері елімізге орныққан ірі шетелдік консалтинг компаниялары үкіметпен келісімшарттар жасап қана қоймай, саясатқа да ықпал еткен. Мемлекеттік бағдарламалардың мазмұнын, бағытын солар айқындап отырды. Олардың ұстанымы – ашық, либералды нарық қағидалары, ал бұл көзқарас мемлекет экономикаға араласуына қарсы еді.

Нәтижесінде не болғанын бүгінде анық көріп отырмыз: Қазақстан экономикасы көпвекторлы бағытын сақтағанымен, бұл – толыққанды емес, тәуелді көпвекторлық. Бір бағытта – біз шетелдік концессионерлер үшін мұнай экспорттайтын аумақпыз, екіншісінде – шамамен сондай ахуал, үшіншісінде – шетелдік өнеркәсіп пен дайын тұтыну тауарларының тасымалданатын нарығымыз. Ал барлық бағыттарда алғанда – бұл сыртқы инвестиция мен сырттан қарыз тарту аумағы, сәйкесінше, табыс сыртқа әкетілетін экономика.

Экспортқа негізделген экономика мен шетелдік кеңесшілер үшін аса жайлы кезең артта қалды. Алайда сол кезеңге деген ностальгия әлі өшкен жоқ. Міне, «Эксклюзив» беттерінен сезілетін леп – дәл осы сағыныштың лебі. Сонымен қатар, бұл сенім мен үмітті де аңғартады: BCG компаниясының серіктесі әрі директоры Константин Полунин шынымен болашақты көріп отыр ма, әлде өзін және пікірлестерін жұбатып отыр ма?

 

 

 

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Индонезия Беларусь азаматтары үшін визасыз режим енгізді

Индонезия Беларусь азаматтары үшін визасыз кіру тәртібін енгізді. Бұл туралы бейсенбі күні Беларусь Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азия қор нарықтары жұма күні төмендеді

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің негізгі қор индекстері төмендеді. Инвесторлардың көңіл күйіне Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі және АҚШ-тағы чип өндіруші компаниялар акцияларының арзандауы теріс әсер етті.

ЕО кеңесі Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне қарсы санкциялар енгізді

Еуропалық одақ кеңесі жұма күні Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне кіретін бір жеке тұлға мен бес ұйымға қатысты шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Ұлттық футбол қауымдастықтарының басым бөлігі Инфантиноның кандидатурасын қолдады

2027 жылғы наурызда өтетін Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) президентінің сайлауы қарсаңында ұйымға мүше 200-ден астам ұлттық футбол қауымдастығы қазіргі президент Джанни Инфантиноның кандидатурасын қолдады. Бұл туралы жұма күні The Guardian басылымы хабарлады.