Еділ Мамытбеков
Материалы
Жаңа дәуірдің талаптары және Қазақстанның стратегиялық таңдауы
Тарих ешқашан бір ғана бағытпен дамымайды. Әрбір дәуір өзінен кейін өзіндік жетістіктер қалдырады. Бір ұрпақ мемлекетті қалыптастырады. Келесі ұрпақ оның институттарын нығайтады. Ал үшінші буынға мемлекеттік басқарудың жоғары сапасын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Тарих – ұлттық жадтың негізі болса, Конституция – ел дамуының құқықтық тірегі.
Бүгінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Сондықтан келесі даму кезеңінің мазмұны қандай болуы тиіс деген заңды сұрақ туындайды. Осы тұрғыда стратегиялық ойлаудың маңызы арта түсуде. Алайда елдің стратегиялық болашағы өткен тарихтың өзімен немесе жекелеген реформалармен ғана айқындалмайды. Ол ең алдымен қоғам мен мемлекеттің әлемдегі өзгерістерді дер кезінде түсініп, бүгіннің өзінде қандай шешімдер қабылдау қажет екенін айқындай алу қабілетіне байланысты.
Соңғы жылдары жүзеге асырылған конституциялық өзгерістердің маңызы ерекше.
Қазақстанның технологиялық серпіліс әлеуеті: негізгі сын-қатерлер мен дамудың жаңа кезеңі
Соңғы 30 жылда алғаш рет Конституцияда адам капиталын, ғылым мен инновацияларды дамыту мемлекеттің басым бағыты болып белгіленді.
Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инновацияларға бағытталған бағдарын мемлекетті институционалдық тұрғыдан күшейтудің нақты стратегиясына айналдыру міндеті тұр.
Бұл міндетті жүзеге асыру экономиканы, ғылым мен басқару жүйесін жедел трансформациялау үшін білім өндірісі, кадрлар даярлау және шешімдер қабылдау жүйесін түбегейлі қайта құруды талап етеді. Егер білім беру, ғылым және мемлекеттік басқарудың жай-күйімен айқындалатын іргетас шектеулі күйде қалса, онда бұл бастама инновациялық қызметтің көрінісін жасауға немесе технологиялық тәуелділіктің тереңдеуіне әкеп соғу қаупі бар екені анық.
«Болашақ»: технологиялық серпіліс жасай алмаған элита
«Болашақ» бағдарламасы – тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық тұрғыдан ең маңызды бастамаларының бірі. Мәселеге шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, бұл жоба 1990-2000 жылдары кәсіби мамандардың жаңа шоғырын жедел қалыптастыру, елімізді жаһандық жүйеге кіріктіру және халықаралық деңгейдегі кадрларды даярлау ісінде айтарлықтай тиімділік көрсетті.
Дегенмен, бұл бағдарлама «технологиялық ғажайыпқа» айнала алған жоқ. Оқшауланған білікті мамандар пайда болғанымен, Оңтүстік Корея немесе Сингапур деңгейіндегі құрылымдық-технологиялық серпіліс жасалмады. «Болашақ» бағдарламасы елді кадрлармен қамтамасыз еткенімен, олардың күрделі құзыреттеріне деген сұранысты қалыптастыра алмады. Соңғы жылдары осы жобаның төңірегінде сынның көп айтылуы да дәл осы себеппен байланысты.
Қазақстандағы конституциялық және парламенттік реформа: институционалдық тәуекелдер, билік теңгерімі және орнықтылық механизмдері
Мемлекеттік басқару жүйесінде, жоғары заң шығарушы органда, квазимемлекеттік секторда, халықаралық ұйымдар мен партияда көп жылдар бойы атқарған қызметім барысында мемлекеттің тұрақтылығы тек реформалардың мазмұнына ғана емес, сонымен бірге олардың институционалдық тұрғыдан жүзеге асырылу сапасына, биліктің барлық тармақтарының өкілеттіктері мен жауапкершілігінің теңгеріміне де тікелей байланысты екеніне көз жеткіздім.
Мақалада ұсынылған пайымдаулар мен қорытындылар жалаң сынға емес, еліміздегі конституциялық және парламенттік реформалардың мемлекет тиімділігін, қоғамның сенімін және елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығын нығайтуға ықпал етуіне деген кәсіби мүдделілікке негізделген.
Қазақстан экономикасын кадрлық ресурстармен жабдықтау: жүйелі мәселелер мен даму бағыттары
«Бүгінгі таңда білім беру жүйесі экономиканы білікті мамандармен стратегиялық тұрғыда қамтамасыз ету функциясынан іс жүзінде айырылып қалды. Университеттер экономика салалары үшін кәсіби кадрлар даярлаудың орнына, көбіне тек «дипломы бар түлектерді» шығаруға көшті.
Қазақстан ең қауіпті жүйелі проблемалардың біріне бетпе-бет келді: ел экономикасы мен кадрларды даярлау жүйесі бір-бірінен алшақтап, дербес әрекет ете бастады. Университеттер, колледждер мен мектептер өз алдына, ал өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және өндіріс салалары өз бетінше дамуда.
Еще от автора
Ішкі істер министрлігі заңға қайшы діни насихатқа тосқауыл қойды
Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадағы жария мәлімдемелеріне байланысты діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Партиялар жаңа парламенттік міндеттерге дайын ба?
Жеті саяси партия Құрылтайдағы орындар үшін саяси бәсекенің белсенді кезеңіне қадам басты. Сайлауалды бағдарламалар жарияланып, кандидаттар тізімі бекітілді, сондай-ақ жалпыұлттық телевизиялық дебаттар басталды.
Қабылданған Ата заң парламенттің рөлін жаңаша пайымдауды талап етеді. Мемлекеттік институттар жаңғыртылып, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінді, парламентаризмнің жаңа үлгісі қалыптасты. Соған қарамастан, парламенттің орны мен қызметіне қатысты бұрынғы көзқарастар әлі де басым.
Өткеннің тағылымынан – болашақтың бағдарына: мемлекеттің қуаты тиімді басқарудан басталады. IІ бөлім
Ең алдымен, тарихтың бүгінгі күннің орнын басу үшін емес, бүгінді күшейту үшін қажет екенін түсіну маңызды. Оның басты миссиясы – өткенді дәріптеу емес, қазіргі қоғамның дамуына бағыт-бағдар беру. Ата-бабаларымыз өздерінен бұрынғыларды үздіксіз еске алғандықтан емес, өз дәуірінің түйткілдерін тиімді шеше білгендіктен ұлы болды.
Алайда өткенге деген құрмет тек оны еске алумен шектелмеуі керек. Шынайы құрмет әрбір ұрпақтың алдыңғы буынның тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттің дамуына өз үлесін қоса алуынан көрінеді.
Егер алдыңғы буын мемлекеттіліктің берік іргетасын қалап кеткен болса, бүгінгі ұрпақтың міндеті – тиімді жұмыс істейтін институттарды қалыптастыру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту және әділетті қоғам құру. Бұл ретте институттар дегеніміз – нақты бір басшыға емес, заң мен қағидаға сүйеніп жұмыс істейтін тұрақты жүйелер.
Өткеннің тағылымынан – болашақтың бағдарына: мемлекеттің қуаты тиімді басқарудан басталады. I бөлім.
2026 жылғы 1 шілдеде елдің жаңа Конституциясы күшіне еніп, екі палаталы Парламенттің 30 жылдық қызмет кезеңі аяқталды. Бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайға сайлау күні жарияланды.
Осылайша, бүгінгі таңда баршамыз үшін бұл қоғамдық-саяси үдерістердің мәні мен маңызын тереңірек пайымдайтын кезең басталып отыр. Қазақстан мемлекеттілікті қалыптастыру жолында күрделі әрі тарихи тұрғыдан маңызды кезеңдерден өтті. Енді ел дамудың жаңа сатысына қадам басты. Бұл реформалар аяқталды немесе жаңа сын-қатерлер болмайды дегенді білдірмейді. Керісінше, қазіргі әлем барған сайын күрделеніп, қарқынды өзгеріп, болжап білу қиын кеңістікке айналып келеді. Сондықтан бүгінгі ахуал мемлекеттік басқаруда мүлде жаңа тәсілдерді талап етеді.




