inbusiness.kz сайтында «Қазақстандықтар "жасыл" электр энергиясы үшін 71 млрд теңге артық төлеген» деген тақырыппен сенсациялық мақала жарияланды. «Атамекен бизнес» кәсіпкерлік медиахолдингінің өзі осындай мәселені ашық жазып, дабыл қаққанына қарағанда, жағдайдың шынымен де ушыққаны байқалады.
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің келесі кезеңі Пәкістан астанасы Исламабадта немесе Швейцарияның Бюргеншток курортында өтуі ықтимал. Бұл туралы жексенбі күні Пәкістанның Dawn порталы дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының президенті Абдельмаджид Теббунға жеделхат жолдап, оны және Алжир халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
АҚШ Қорғаныс министрлігі Boeing Co. компаниясымен алтыншы буындағы F/A-XX палубалық стелс-жойғыштарын өндіруге $20 млрд-тың келісімшартын жасасқанын хабарлады. 2030 жылдардан бастап бұл ұшақтар АҚШ авианосецтерінің қару-жарағына енгізіледі.
АҚШ-та жасанды интеллект (ЖИ) әзірлейтін жетекші компаниялардың басшылары Ақ үйде ЖИ модельдеріне ішкі бақылауды күшейту жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлады америкалық БАҚ.
«Ресей президенті Владимир Путин елден қолма-қол рубль алып шығу тәртібін қатаңдататын жарлыққа қол қойды. Жаңа талаптар ЕАЭО елдеріне – Армения, Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстанға, сондай-ақ Әзербайжан, Тәжікстан және Өзбекстанға баратын азаматтарға қатысты.