Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күнгі жалпы отырыста ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.
Депутат Ринат Заитовтың қатігез күйеулерінен кек алғаны үшін ауыр баптармен сотталған әйелдерге емес, дәл осы „жалған ақпарат таратушыларға“ келгенде талғампаздық танытып, рақымшылық сұрауы, тіпті бұл үшін жалынып-жалбарынуы бізге түсініксіз.
ҰҚШҰ-ның биоқауіпсіздік саласындағы базалық ғылыми ұйымын құру бірлестіктің биоқауіпсіздікке қарсы бағытталған әкімшілік жұмысын зияткерлік деңгейге көтереді, яғни әрбір шешім нақты ғылыми қорытындымен негізделетін болады.
Эфиопияның үкіметті қолдайтын күштері Тыграй өңірінің әкімшілік орталығы Мэкэле қаласының маңындағы негізгі әуежайға бақылауды қалпына келтіргенін мәлімдеді.
Осы аптаның басында Дубайдан Тель-Авивке ұшқан рейс кезінде ұшақты басып алуға әрекет жасаған Flydubai әуе компаниясының екінші ұшқышы әуе кемесінің командиріне апаттық балтамен шабуыл жасаған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёнға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Бүгінде республика бойынша Жамбыл облысы мен Тараз қаласы көлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерді елемейтіндігіне қатысты азаматтар тарапынан шағымдар жиі айтылып жүргені жасырын емес. Енді бұл бассыздыққа шектеу қойылмақ! Өйткені Жамбыл облысының кей өңірлері мен Тараз қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды цифровизациялық қадам жасалды: өңірдегі Sergek аппараттық-бағдарламалық кешендері жаяу жүргіншіге жол бермеу деректерін автоматты түрде тіркеу функциясын іске қосты.