Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымының (ОАЭИ) басшысы Мохаммад Эслами МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гроссиге жолдаған хатында агенттіктің «Бушер» атом электр станциясына жасалған соққыларды айыптамауы АҚШ пен Израильді мұндай әрекеттерді жалғастыруға итермелеуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Бұған дейін біз Ресей Президенті Путиннің мамыр айында Қазақстанға жоспарланған сапары және екі елдің интеграциясын тереңдетудегі электр энергетикасы саласының рөлі туралы айтқан болатынбыз. Осы орайда мынадай мән-жайды атап өткен жөн: 2023 жылы Ресей басшысының Қазақстанға сапары барысында үш жаңа ЖЭО салу туралы шешім қабылданған еді. Алайда кейінірек қаржыландырудың жоқтығына байланысты Ресейдің бұл жобалардан шығатыны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Үкімет Көкшетау ЖЭО-сын өз күшімен салатынын мәлімдеді. Дегенмен, жобалық құжаттаманы әзірлеуге ішкі ресурс жеткілікті болғанымен, құрылысты толық қаржыландыру мен қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі әлі де күрделі күйінде қалып отыр.
ЕАЭО-ның транзиттік әлеуеті артып тұрған тұстағы ҚТЖ мен РТЖ арасындағы келісім Одақтың екі ірі экономикасы өздерінің «ХХІ ғасырдағы мұнайын» — теміржол тасымалын — ақыры тапқанын айқын аңғартады.
Қазақстанға келетін туристер ағыны өсіп отырғанымен, туризмді экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналдыру үшін бұл көрсеткіштер әлі де жеткіліксіз. Туристік серпіннің баяулау себептері табиғи әлеуетте емес, бірқатар жүйелік факторларда жатыр.
Сарапшылар қаржы реттеушілерінің назарынан тыс қалып, бір банктің шетелге 7 трлн теңгені қалай аударып жіберуі мүмкін екендігі жөнінде түрлі болжамдар айтты. Біріншіден, қаражат бір реттік төлеммен емес, аффилирленген компаниялар арқылы жүздеген мың транзакция түрінде шығарылуы мүмкін.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
ТМД мемлекеттерінің басшылары Авазада өткен саммитте Достастықтың құрылғанына 35 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл туралы жұма күні Түрікменстан Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату комитетінің жаңалықтар порталы хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Түрікменстандағы «Аваза» ұлттық кешеніне келді. Бұл туралы жұма күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.