Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың Газаны тұрақтандыру және қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосылуға дайын екенін мәлімдеді.
Алайда мұндай шаралар уақытша, негізделген және міндетті түрде Одақтағы серіктестермен келісілген болуы тиіс. Ал Беларусьпен Ресейдің тіпті Одақтық мемлекет форматы бар екенін ескерсек, бұл бастаманың іс жүзінде қалай жүзеге асатыны және оның интеграциялық міндеттемелерге қаншалықты сәйкес келетіні ерекше қызығушылық тудырады.
Сауалнамаға қатысқандардың аздығы таңғалдырғанымен, мәселе онда емес. Ең қызығы, Президенттің қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауынан кейін ел арасында «азаматтарға 2-3 жерде жұмыс істеуге тыйым салынады екен» деген қауесет тарады.
Биыл күзге қарай инфляция 9,3%-ға дейін баяулады. Былтыр бұл көрсеткіш 12,3% болған еді. Соған қарамастан, қымбатшылық жалақы мен зейнетақының өскенін іс жүзінде сездірмей отыр. Номиналды табыстың жылдық өсімі небәрі 0,7%-ды құрады. Бұл – ресми дерек. Ал халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қарасақ, қазақстандықтардың едәуір бөлігінің әл-ауқаты жақсарудың орнына төмендеп бара жатқандай. Мұның бәрі қоғамдағы наразылықтың біртіндеп қордалануына әкеледі. Сондықтан бұл жағдай Үкіметті ғана емес, баршамызды алаңдатуы тиіс. Әсіресе әлемнің әр түкпіріндегі саяси және экономикалық ахуал барған сайын күрделеніп жатқан кезде ел ішіндегі тұрақтылықтың маңызы арта түседі.
Биыл бағаның бұрынғыдай қарқынмен өспеуіне теңгенің нығаюы да едәуір ықпал етті. Алайда ұлттық валюта бағамы үнемі осы деңгейде сақтала бермейтіні анық.Теңге айналымға енгеннен бері оның долларға шаққандағы бағамы тұрақты түрде әлсіреп келді. Алғаш айналымға шыққан кезде бір доллар 4,7 теңге тұрған еді. 2022 жылы доллар бағамы 470 теңгеге жетіп, ұлттық валюта бастапқы құнымен салыстырғанда жүз есеге жуық арзандады. Ал былтыр қазанда доллар 550 теңгеге таяды.
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Азамат Әмрин Құрылтайдағы «Әділет» және «Ауыл» партиялары депутаттарының сауалына берген жауабында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қаржылық лизинг шарттарына ғана қосылған құн салығының 12% мөлшерлемесін сақтап қалуға негіз жоқ екенін мәлімдеді.
Беларусь жерінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгерлік күштері қатысатын «Мызғымас бауырластық – 2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Сонымен қатар радиациялық, химиялық және биологиялық қауіптен қорғау және медициналық қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен күштердің «Барьер – 2026» арнайы оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
АҚШ Қарулы күштері Иранға қойылған теңіз қоршауын бұзуға әрекеттенген Панама туы астындағы сауда кемесіне зымыранмен соққы берді. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.