Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (АФМ) шамамен 250 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізгені жөніндегі жаңалық көпшілік арасында айтарлықтай резонанс тудырмады. Алайда бұл көрсеткіштер азаматтық қоғам тарапынан елеулі назар аударуға тұрарлық.
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан–Ресей шекарасында жүк көліктерінің жиналуына байланысты жедел кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы мәлімдеді.
Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мәселесі қайтадан басты назарда. Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының Конвенциясын ратификациялады, енді еліміз барлық жалдамалы жұмыскерлерді қамтитын, олардың еңбек жағдайларына қолдануға болатын ең төменгі жалақыны белгілеу жүйесін енгізуге міндетті.
Almaty Air Initiative қорының хабарлауынша, Алматы тұрғындарының 80 пайыздан астамы қала ауасының адам денсаулығына қауіпті екенін айтады. Ал басқа жаққа көшуді шындап ойластырып жүрген немесе көшуді жоспарлаған тұрғындардың үлесі 17 пайыздан 26 пайызға дейін өскен «Зерттеу әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың қатысуымен дайындалды.
Бір қарағанда тосын көрінгенімен, Украинадағы соғыста жеңілген тарап Ресей деген тұжырым жасалып отыр. Мұндай тұжырымды өмір жолы сан қилы оқиғаларға толы, ақырында Ресейде «шетелдік агент» деп танылған саясаттанушы Александр Морозов жасады.
Қазақстанда психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 81 бастапқы медициналық көмек орталығы мен аутизмі бар балаларға арналған 189 күндізгі бөлімше ашу жоспарланып отыр. «Бұл бастама психикалық денсаулыққа қатысты бұзылыстарды ерте анықтау, емдеу және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазан айы да аяқталуға жақын. Жылыту маусымы басталды, әзірге бәрі қалыпты. Алдағы уақытта да еш қиындық туындамаса екен дейміз.Дегенмен көңілге күдік ұялататын жайт бар. Елді жылумен қамтамасыз етуге тікелей ықпал ететін ұлттық энергетика жүйесіндегі қуат тапшылығы әлі жойылған жоқ.Биылғы қыста электр энергиясына сұраныстың ең жоғары деңгейі шамамен 18,2 ГВт болады деп күтілуде. Ал еліміздегі электр станциялары өндіре алатын ең жоғары қуат одан шамамен 800–1000 МВт-қа төмен. Мәселе Ресейден электр энергиясын импорттауға мәжбүр болып отырғанымызда ғана емес. Ең қауіптісі – энергетика жүйесінің резервтік қуатсыз жұмыс істеуі.Ал энергетика саласында нормативтік резервтің болуы аса маңызды. Жаздың әрбір аптап күнінде және қыстың әрбір кешінде энергетика жүйесін шекті жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүрлеу жүрек талмасы қаупі төніп тұрған адамды күн сайын физикалық әрі психологиялық күйзеліске ұшыратумен бірдей.Шындыққа тура қарасақ, еліміздің энергетика жүйесін осындай тұрақты «инфаркт алдындағы» жағдайда ұстап отырған – жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК).Таңғаларлық тұжырым ба? Ендеше, нақты көрсеткіштерге назар аударайық.