Еуразия24

Материалы

Тоқаев: ТМД – даму мен жаңа мүмкіндіктер кеңістігіне айналуы тиіс

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің ортақ мақсаты – ұйымды жаңа мүмкіндіктер кеңістігіне айналдыру екенін мәлімдеді.

Тоқаев ТМД елдеріне креативті индустриялар қауымдастығын құруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Душанбеде өткен кеңесінде креативті индустрияларды дамыту мақсатында жаңа бірлестік құруды ұсынды.

Тоқаев ТМД елдеріне климаттық және техногендік төтенше жағдайларды болжау жөніндегі өңірлік орталық құруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен ТМД саммитінде климаттық және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын ала болжауға арналған өңірлік орталық құруды ұсынды.

Тоқаев: Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын бұрмалау әрекеттеріне қарсы

Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын бұрмалау және фашизмге қарсы Жеңістің тарихи маңызын кемсіту әрекеттеріне түбегейлі қарсы. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЖАППАЙ ҚОНЫС АУДАРУ. ҰЛЫ ХАННЫҢ СОҢҒЫ ЖОБАСЫ

Сыртқы Барлау Қызметі жедеғабыл жинаған ақпарға сүйене отырып, Ұлттық Сауда Корпорациясы Жеңіс Хан мен Федерация Үкіметіне «Орыс нарығында жүн саудасын дамытудың келешегі туралы» деп аталатын жан-жақты талдау баяндамасын әзірледі. Сол талдаудан орыс нарығының жүн тұтыну тұрғысындағы сұраныс мөлшері Қытай, Орта Азия және Таяу Шығысты қосып алғандағы қазіргі сауда көлемінен кемінде 10 есе асып түсетіні айқын көрінді. Соған сәйкес, келешекте Мәңгі Елдің көшпенді халықтарының табыстары он есе ұлғаяды!

Еще от автора

Алматылықтар ауа сапасына қатысты пікір білдірді

Almaty Air Initiative қорының хабарлауынша, Алматы тұрғындарының 80 пайыздан астамы қала ауасының адам денсаулығына қауіпті екенін айтады. Ал басқа жаққа көшуді шындап ойластырып жүрген немесе көшуді жоспарлаған тұрғындардың үлесі 17 пайыздан 26 пайызға дейін өскен «Зерттеу әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың қатысуымен дайындалды.

Ресей Украинадағы соғыста жеңілді ме?

Бір қарағанда тосын көрінгенімен, Украинадағы соғыста жеңілген тарап Ресей деген тұжырым жасалып отыр. Мұндай тұжырымды өмір жолы сан қилы оқиғаларға толы, ақырында Ресейде «шетелдік агент» деп танылған саясаттанушы Александр Морозов жасады.

Қазақстандықтардың психикалық денсаулығы дәрігерлердің назарында

Қазақстанда психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 81 бастапқы медициналық көмек орталығы мен аутизмі бар балаларға арналған 189 күндізгі бөлімше ашу жоспарланып отыр. «Бұл бастама психикалық денсаулыққа қатысты бұзылыстарды ерте анықтау, емдеу және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Баламалы энергетика елге қаншалықты тиімді?

Қазан айы да аяқталуға жақын. Жылыту маусымы басталды, әзірге бәрі қалыпты. Алдағы уақытта да еш қиындық туындамаса екен дейміз.Дегенмен көңілге күдік ұялататын жайт бар. Елді жылумен қамтамасыз етуге тікелей ықпал ететін ұлттық энергетика жүйесіндегі қуат тапшылығы әлі жойылған жоқ.Биылғы қыста электр энергиясына сұраныстың ең жоғары деңгейі шамамен 18,2 ГВт болады деп күтілуде. Ал еліміздегі электр станциялары өндіре алатын ең жоғары қуат одан шамамен 800–1000 МВт-қа төмен. Мәселе Ресейден электр энергиясын импорттауға мәжбүр болып отырғанымызда ғана емес. Ең қауіптісі – энергетика жүйесінің резервтік қуатсыз жұмыс істеуі.Ал энергетика саласында нормативтік резервтің болуы аса маңызды. Жаздың әрбір аптап күнінде және қыстың әрбір кешінде энергетика жүйесін шекті жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүрлеу жүрек талмасы қаупі төніп тұрған адамды күн сайын физикалық әрі психологиялық күйзеліске ұшыратумен бірдей.Шындыққа тура қарасақ, еліміздің энергетика жүйесін осындай тұрақты «инфаркт алдындағы» жағдайда ұстап отырған – жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК).Таңғаларлық тұжырым ба? Ендеше, нақты көрсеткіштерге назар аударайық.