Еуразия24

Материалы

Орталық Азиядағы жасыл энергетика: Ыстықкөлдегі диалог және жаһандық пікірталас

ЕАДБ Академиясы 2025 жылы 1–3 қазан аралығында Ыстықкөлде «Орталық Азия елдерінде жаңартылатын энергетиканы дамыту» атты арнайы семинар өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – энергетикалық жүйенің теңгерімді дамуын қамтамасыз ететін және энергия көшуін талқылады.

Құрылыс кодексі: әлеуметтік нысандарсыз үй салуға рұқсат берілмейді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов былай деп мәлімдеді: «Құрылыс кодексі» жобасында маңызды нормалар бар. Бірақ әлеуметтік салаға қатысты бірқатар түйінді мәселелер әлі шешілген жоқ. Біз ұсынған түзетулер қабылданған жоқ. «Мектеп пен балабақша үйлерден кейін емес, қатар салынуы керек.

Мемлекет қолма-қол ақша айналымын қатаң бақылауға алмақ

Үкімет отырысында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов дропперлермен күресудің жаңа тәсілдері туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – банкоматтарды қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларында пайдалану.

Венгрия мен Словакия Ресейге қарсы 19-санкциялар пакетін мақұлдауды кештетуі мүмкін

Еуроодақ елдері тарапынан Ресейге қарсы әзірленіп жатқан 19-шы санкциялар пакетін қабылдау үдерісі Венгрия мен Словакияның ұстанымына байланысты созылуы мүмкін.

Мәжіліс Құрылыс кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан Парламентінің Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Құрылыс кодексі» жобасын және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс салаларындағы мәселелер бойынша оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Еще от автора

Алматылықтар ауа сапасына қатысты пікір білдірді

Almaty Air Initiative қорының хабарлауынша, Алматы тұрғындарының 80 пайыздан астамы қала ауасының адам денсаулығына қауіпті екенін айтады. Ал басқа жаққа көшуді шындап ойластырып жүрген немесе көшуді жоспарлаған тұрғындардың үлесі 17 пайыздан 26 пайызға дейін өскен «Зерттеу әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың қатысуымен дайындалды.

Ресей Украинадағы соғыста жеңілді ме?

Бір қарағанда тосын көрінгенімен, Украинадағы соғыста жеңілген тарап Ресей деген тұжырым жасалып отыр. Мұндай тұжырымды өмір жолы сан қилы оқиғаларға толы, ақырында Ресейде «шетелдік агент» деп танылған саясаттанушы Александр Морозов жасады.

Қазақстандықтардың психикалық денсаулығы дәрігерлердің назарында

Қазақстанда психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 81 бастапқы медициналық көмек орталығы мен аутизмі бар балаларға арналған 189 күндізгі бөлімше ашу жоспарланып отыр. «Бұл бастама психикалық денсаулыққа қатысты бұзылыстарды ерте анықтау, емдеу және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Баламалы энергетика елге қаншалықты тиімді?

Қазан айы да аяқталуға жақын. Жылыту маусымы басталды, әзірге бәрі қалыпты. Алдағы уақытта да еш қиындық туындамаса екен дейміз.Дегенмен көңілге күдік ұялататын жайт бар. Елді жылумен қамтамасыз етуге тікелей ықпал ететін ұлттық энергетика жүйесіндегі қуат тапшылығы әлі жойылған жоқ.Биылғы қыста электр энергиясына сұраныстың ең жоғары деңгейі шамамен 18,2 ГВт болады деп күтілуде. Ал еліміздегі электр станциялары өндіре алатын ең жоғары қуат одан шамамен 800–1000 МВт-қа төмен. Мәселе Ресейден электр энергиясын импорттауға мәжбүр болып отырғанымызда ғана емес. Ең қауіптісі – энергетика жүйесінің резервтік қуатсыз жұмыс істеуі.Ал энергетика саласында нормативтік резервтің болуы аса маңызды. Жаздың әрбір аптап күнінде және қыстың әрбір кешінде энергетика жүйесін шекті жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүрлеу жүрек талмасы қаупі төніп тұрған адамды күн сайын физикалық әрі психологиялық күйзеліске ұшыратумен бірдей.Шындыққа тура қарасақ, еліміздің энергетика жүйесін осындай тұрақты «инфаркт алдындағы» жағдайда ұстап отырған – жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК).Таңғаларлық тұжырым ба? Ендеше, нақты көрсеткіштерге назар аударайық.