Евразия24Басты бетНегізгі геосаяси ойыншылар билік үшін бәсекеге түсуде

Негізгі геосаяси ойыншылар билік үшін бәсекеге түсуде

|

|

Биліктің негізгі үш тірегі — қарулы күш, қаржы және ақпарат пен білім. Мәні өзгермегенімен, бұл құрамдастардың мазмұны уақыт өте келе жаңарып отырады. Үлкен Таяу Шығыс өңіріндегі соғыс жаһандық гибридтік қақтығыс жағдайында билікке ұмтылыс пен мүмкіндіктер бәсекесінің көрінісі болып табылады. АҚШ пен Израильдің Иранмен (қазіргі таңда екі апталық үзілісте тұрған) тікелей әскери қақтығысы – Вашингтонмен Пекин арасындағы әлемдік гегемония үшін күрестің тек бір бөлігі ғана (ауқымды болса да) болып саналады.

Мемлекет пен билік әрдайым бір ұғым емес. Себебі мемлекет – ең алдымен институционалдық құрылым, ал билік – ықпал ету кеңістігі. Егер белгілі бір өңірде нақты бір ұйымдасқан қылмыстық топтың, билік-қаржылық топтың, корпорацияның немесе желілік құрылымның ықпал ету мүмкіндігі мемлекеттікінен басым болса, онда олар іс жүзінде мемлекеттік билік жүйесін алмастырады немесе оның қызметін өз қолына алады.

Бұған Қорғас айқын мысал бола алады. ҚХР Бас кеден басқармасының мәліметінше, 2025 жылы Қытайдың Қазақстанға экспорты 29,69 млрд долларды құраған. Ал ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша, дәл сол жылы Қытайдан келген импорт көлемі 19,94 млрд доллар деңгейінде тіркелді. Осылайша, екі ел деректерінің арасындағы алшақтық 10,8 млрд долларға жетіп отыр.

Мемлекет аталған көрсеткіштер арасындағы айырмашылыққа нақты әрі түсінікті жауап бермей отыр. Қазақстан тарапы тұрғысынан бұл – мемлекеттік ресурстардың бір бөлігі түрлі ықпалды топтардың пайдасына кетіп жатқанын білдіреді. 2024 жылы мұндай сәйкессіздіктер көлемі 12,7 млрд АҚШ долларын құраған. Демек, номиналды көрсеткіш бойынша бір жыл ішінде мемлекет бәсекелес құрылымдардан шамамен 1,9 млрд АҚШ доллары көлеміндегі ресурсты қайтарған. Бұл белгілі бір нәтиже болғанымен, әлі де жетілдіруді қажет ететін бағыттар бар.

Неліктен мамандар қытайлық статистикаға көбірек сенім артады? Себебі Қытайда мемлекетке шамамен 560 мың АҚШ доллары көлемінде материалдық залал келтірілген жағдайда (юаньды долларға шаққанда) қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделген, бұл шаруашылық қызметке қатысушылардың тәртібін айтарлықтай күшейтеді.

2025 жылы желтоқсанда АҚШ иран риалының бағамын құлдыратқан кезде (бұны Құрама Штаттардың Қаржы министрі Скотт Бессент мойындады), бұл «Сэм ағайдың» қаржы саласындағы билігінің айқын көрінісі болды. Өткен жылы иран валютасы долларға шаққанда 84%-ға құнсызданды.

Әрине, бұл жүйеге әртүрлі мемлекеттер мен қаржылық ойыншылар қатысты. Айтпақшы, Тегеран мұны ұмытқан жоқ. Рахбар Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін Ислам революциясының күзет корпусы (ИРКК) 24 сағат ішінде жалпы саны 11 елге шабуыл жасағанда, соққының алғашқы легі Қатарға бағытталды. Дәл осы Қатардың жәрдемімен американдықтар иран риалының бағамын құлдыратқан болатын.

Ал Иранның Эпштейн коалициясына берген әскери соққысы — оның өз билігін күш қолдану арқылы паш етуінің көрінісі болды. Бұл ретте Тегеранның әскери әлеуеті Бейжіңнің қолдауына сүйенеді. Себебі заманауи соғыс жағдайында ирандық зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының нысанаға дәл тиюі орбиталық топтаманың көмегінсіз мүмкін емес. Ал Қытайдың қажетті жерсеріктік жүйесі бар.

Пекиннің сәуір айында Қатардан сұйытылған табиғи газды (СТГ) сатып алудан бас тартуы — макродеңгейдегі АҚШ пен Қытай текетіресінің құрамдас бөлігі болып табылатын гибридті соғыстың бір көрінісі. Бұл жерде Қытай «қаржы билігі» тетігін пайдалана отырып, Дохаға салыстырмалы түрде жұмсақ әрі дипломатиялық жолмен, бірақ ұғынықты түрде: «Кімнің жағында екеніңізді мұқият ойланыңыз» деген ескерту жасап отыр. Жалпы, Парсы шығанағындағы барлық монархиялар (тек олар ғана емес) барынша көпвекторлы саясат ұстануға тырысады. Алайда түрлі векторлардың тартылыс күші бірдей емес. Осы орайда Қытай планетаның стратегиялық маңызды өңірінде өз билігін артық эмоциясыз, бірақ өте анық көрсетіп отыр.

Вашингтон мен Бейжіңнің Ирандағы жанама соғысы — бұл жасанды интеллекттердің шайқасы. Екі тараптан қаншама компьютер мен есептеуіш қуаттың жұмылдырылғанын елестетудің өзі қиын. АҚШ пен Израиль Иранның әскери, азаматтық және басқару инфрақұрылымын аса ауқымды деңгейде істен шығарды (бастапқыда 6,2 мың нысанадан тұратын тізім 17 мыңға дейін ұлғайтылып, олардың барлығы дерлік әртүрлі дәрежеде зақымдалды).

Алайда Иранның қайтарған жауабы, ең алдымен, жоғары технологиялық сипатымен ерекшеленді. Құны 50 мың доллар болатын «Шахед» дронын ату үшін «Пэтриот» жүйесінің 4 млн долларлық зымыраны жұмсалып, оның нысанаға тимей қалуы (желіде бұл көрініс бейнеленген бейнежазбаны табу қиын емес) — технологиялық жауаптың айқын көрінісі. Осы аймақта орналасқан АҚШ, Ұлыбритания және Францияның барлық әскери базалары зардап шекті. Тіпті Ираннан 4000 шақырымнан астам қашықтықта жатқан Диего-Гарсия атоллына да Ислам революциясының күзет корпусы (ИРКК) символикалық түрде екі зымыран ұшырды (оның бірі техникалық себептерге байланысты жетпей қалса, екіншісі атып түсірілді).

Жағымсыз жаңалықтарды ұнатпайтын, «жоқ» деген жауапты қабылдамайтын және өзіне үнемі мақтау айтылуын талап ететін Дональд Трамп — айқын нарциссизм белгілеріне ие тұлға болса да, қалыптасқан жағдайды түсінді. Ақ үй аппараты мен генералитет оған айқын шындықты жеткізе алған сияқты. Ал биліктің бір-біріне қарама-қайшы құрамдас бөліктері алдағы уақытта қалай өзара әрекеттесетінін жақын арада көретін боламыз.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Экспорттың қарқынды өсуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді?

Сауда және интеграция министрлігі  ерекше жаңалық жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан экспорты рекордтық қарқынмен өсіп, өсім көрсеткіші импорттан төрт еседен астам жоғары болған. Бұл өсімге негізінен агроөнеркәсіп кешені серпін берген. Күнбағыс майы, астық, ұн және зығыр экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Алайда дүкен сөрелеріне көз салсақ, аталған өнімдердің шетелден әкелінген түрлері де аз емес. Алайда отандық азық-түліктің шетелге көптеп шығарылуы ішкі нарықта тапшылық тудырып, бағаның негізсіз қымбаттауына және импорттық өнімдердің көбеюіне әкеліп соқпай ма? Оның үстіне, мемлекет соңғы екі жылдан бері азық-түлік инфляциясын тежеу шараларын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ұлттық статистика бюросы,

Қазақстан ШЫҰ отырысында бірқатар бастама көтерді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді сауда байланыстарын нығайтуға, көлік дәліздерін дамытуға және цифрлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Бұл бастамалар Душанбеде өткен ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ұсынылды.

Жасөспірімдерге төнген қауіп: экстремистік ағымдардың арбау тәсілдері

Жасөспірімді теріс ағымға тарту үшін міндетті түрде агрессивті ұрандар қолданылмайды. Бәрі бір қарағанда еш күдік тудырмайтын орман көрінісінен, жаттығу туралы бейнероликтен, дұрыс тамақтану жөніндегі кеңестен немесе ежелгі дәстүрлер жайлы материалдан басталуы мүмкін.

Есірткі ісі бойынша ұсталған Navai Қазақстаннан шығарылды

Бір апта бұрын біз Жамбыл облысында ресейлік рэпер Наваи Бакировтың есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Алайда істің соңы біз күтпеген бағытта өрбіді.