Евразия24Не болдыКөкшетаудағы тосын оқиға

Көкшетаудағы тосын оқиға

|

|

Zakon.kz хабарлауынша, ер адам көлік иесі салонда ұйықтап жатқан сәтте оның автокөлігін айдап кетпек болған.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 27 шілдеде тіркелген. Кафеде демалғаннан кейін 26 жастағы Петропавл тұрғыны мас күйінде бөтеннің Changan CS75 Plus көлігінің тізгініне отырған. Ең қызығы, сол кезде көлік иесі алдыңғы жолаушылар орнында ұйықтап жатқан.

Күдікті небәрі 10 метрге жуық жүріп үлгерген. Осы сәтте патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлікті тоқтатқан.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның әрекетіне «Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иелену (айдап әкету)» бабы бойынша құқықтық баға берілді», – деп Zakon.kz Ақмола облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап жазды.

Әрине, автокөлікті айдап әкету – өз алдына бөлек құқық бұзушылық. Алайда жарияланған ақпаратта күдіктінің мас күйінде көлік басқарғаны үшін қандай да бір жауапкершілікке тартылғаны туралы мәлімет жоқ. Өйткені ол бөтен көлік болса да, рөлге отырып, шамамен 10 метр жүрген.

Біздің ойымызша, мұндай жағдайда қылмыстық жауапкершілікпен қатар, мас күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік іс те қозғалуы тиіс. Бұл құқық бұзушылық үшін заңнамада әкімшілік қамаққа алу және жүргізуші куәлігінен айыру сияқты жазалар көзделген.

Бәлкім, Ақмола облысының полициясы мұндай шараларды да қолданған шығар. Тек бұл туралы ресми ақпаратта айтылмаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Есепте арзандаған дәрі дәріханада қымбат: үкімет нарықты ретке келтірмек

Қазақстанда дәрі-дәрмек жалпы инфляциядан әлдеқайда жылдам қымбаттап жатыр. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі әрбір төртінші препараттың бағасы төмендегенін мәлімдейді. Бұл қайшылық 3 қарашада халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қаралған үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында байқалды. Дегенмен шенеуніктер тек баға жайын сөз еткен жоқ. Олар мемлекеттік сатып алуда миллиардтаған теңге үнемделгенін айтып, жаңа фармацевтикалық өндірістер ашылатынын, тегін дәрі-дәрмекпен қамту аясы кеңейіп, цифрлық бақылау күшейетінін хабарлады. Мұның бәрі, сөзсіз, маңызды. Бірақ қазақстандықтар осы қамқорлықтың игілігін көре ме? Мәселенің мәніне үңіліп көрейік.

Песков Ресейдің ТМҰ-ға қатысуы туралы пікір білдірді

Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуы қисынды әрі орынды болар еді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге әзірге ресми шақыру түспеген.«Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келсек, өздеріңіз білетіндей, Ресейдің бірқатар өңірінде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары тұрады», – деді Песков.

Өзгенің баласын өз атына жаздырған ер адам енді одан бас тарту үшін Конституциялық сотқа жүгінді

Астанадағы Конституциялық сотта судья-баяндамашы Айжан Жатқанбаеваның төрағалығымен баланың анасымен ажырасқаннан кейін өзінің әкелігін даулап отырған ер адамның өтініші қаралып жатыр. Ол баланың биологиялық әкесі емес.

Еңбек министрлігі: сынақ мерзімі жалақы төлемеуге негіз емес

Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдағанда оның кәсіби дағдыларын және тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Алайда сынақ мерзімі азаматтардың еңбек құқықтарын шектемейді.