Евразия24Таңдаулы жаңалықтар«Болашақ» иегерлерінің шәкіртақысы өседі

«Болашақ» иегерлерінің шәкіртақысы өседі

|

|

Zakon.kz хабарлайды: «Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының шәкіртақысы өседі: төлем мөлшері пайызбен көрсетілді. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Абай Рахмет 2026 жылғы 28 сәуірде Үкіметте өткен брифингте «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алушылардың шәкіртақысын арттыру жоспары туралы мәлімдеді. Ол «Болашақ» стипендиясының соңғы 15 жылдан астам уақыт бойы көтерілмегенін атап өтті. «Бүкіл әлемде инфляция қарқыны артып келеді. Сондай-ақ кейбір жағдайларда стипендиаттарымыздың шетелге отбасымен баратынын көріп отырмыз. Сондықтан белгілі бір елдерде берілетін қаржы жеткіліксіз болып жатады (…). Шәкіртақыны көтеру мәселесі қазір пысықталуда, келер жылға қарай бұл мәселенің басы ашылады деп ойлаймын. Стипендия мөлшері елге және қалаға байланысты өзгереді. Мәселен, Нью-Йоркте ол жоғары — шамамен 2,2 мың доллар болса, басқа штаттарда төменірек», — деді Рахмет. Сонымен қатар, спикер шәкіртақы көлемін арттыруға қажетті қаражаттың қайдан тартылатынын да түсіндірді. «Стипендия саны қысқартылып, үнемделген қаржы шәкіртақы мөлшерін көбейтуге бағытталауы мүмкін», — деп атап өтті ол. Рахметтің нақтылауынша, шәкіртақы көлемі 10%-дан 15%-ға дейінгі аралықта өседі.

Еуразия24 пікірі:

Президенттік «Болашақ» стипендиясының айналасындағы кезекті дау-дамай басылып үлгермей жатып, жаңа ақпараттар толқыны жетті. Бізге шәкіртақының 15 жыл бойы көтерілмегенін, инфляцияның өскенін және кей елдерде төлемнің жетпей жатқанын айтып сендірмекші. Сонымен қатар, кейбір стипендиаттардың шетелге отбасымен кететіні де хабарланды. Өзін асырауға қаражат таппай отырып, бүкіл отбасын шетелге сүйреудің логикасы қайда? Нью-Йорктегі бір стипендияның мөлшері — шамамен 2,2 мың доллар. АҚШ үшін бұл аса көп ақша емес те шығар… Бірақ бұл — елден ешқайда шықпаған, бірақ өздерінің «элиталық» отандастарының шетелдегі жайлы өмірін демеп отырған қарапайым қазақстандықтардың 3-4 айлық жалақысы. Халықаралық бағдарламалар орталығының мәлімдемесі бізде осындай түсінік қалыптастырып отыр. Тағы бір маңызды жайт: «болашақтықтардың» басым бөлігі — өмірлік тәжірибесі жоқ кешегі мектеп түлектері емес, еңбек етуге қабілетті, ес тоқтатқан ересек адамдар. Мемлекет олардың «инфляция жеп жатқан» шәкіртақысынан бөлек, оқу ақысын да толық төлеп отыр. Осы тұста 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап стипендиясы небәрі 52 372 теңгеге жеткен қазақстандық студенттердің көңіл-күйін елестетудің өзі қиын. Оның өзі бәріне емес, тек грантта оқитындарға ғана тиесілі. Ал мемлекеттік білім грантына қол жеткізе алмаған жастар туралы тіпті айтпай-ақ қоялық. Ел ішіндегі студенттердің шәкіртақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен әзер асатыны және адамдардың сол ақшаға күнелтуге мәжбүр екені Астанадағыларды еш мазаламай ма? Соған қарамастан, «элиталық» студенттер шетелге бүкіл отбасын көшіріп қана қоймай, оларға бюджет есебінен жүйелі түрде қолдау көрсетілуде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.