Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚазақстан заманауи логистикалық шешімдерді енгізуде

Қазақстан заманауи логистикалық шешімдерді енгізуде

|

|

ҚР Көлік министрлігі хабарлайды: «Көлік-логистика саласына жасанды интеллектіні енгізу процестерді оңтайландыруға, шығындарды азайтуға және еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған. Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев цифрлық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Саланы трансформациялаудың негізгі құралы ретінде мемлекеттік органдар мен бизнестің басын қосқан Smart Cargo платформасы айқындалды. Жүйе QR-кодтар арқылы жүк туралы мәліметтерге қол жеткізуге, құжаттарды автоматты түрде тексеруге, маршруттарды әзірлеуге және қажетті рұқсат қағаздарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тетік шекарадан өту уақытын 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартады деп күтілуде. Цифрландыру процесі теміржол секторын да қамтып, онда 10-ға жуық жоба жүзеге асырылуда. (…) «Қазіргі уақытта «е-Көлік» біртұтас зияткерлік көлік жүйесі қалыптасып жатыр. QazTech базасында құрылатын бұл платформа көліктің барлық түрін біріктіреді. Ол деректерді жинап, өңдеуге, көлік ағындарын болжауға және шешімдерді автоматты түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Әлемдік сарапшылардың пайымдауынша, көлік саласы — деректердің ең ірі көздерінің бірі. Осыған байланысты жасанды интеллект ақпаратты өңдеудің негізгі құралына айналып отыр. «Е-Көлік» жүйесі саланы озық басқаруға жол ашады», — деп атап өтті министр».

Еуразия24 пікірі:

Көлік министрлігі жоспарланған бастамаларды толық іске асырса, логистика саласындағы белгісіздік мәселесі шешімін таппақ. Өйткені тасымал кезіндегі іркілістер мен тасымалдаушылардың шығыны жеткізу мерзімінің тұрақсыздығына және келісімшарттардың бұзылуына басты себеп болып отыр. Кез келген бизнес үшін бұл жайттар бағыт таңдау кезінде шешуші рөл атқарады. Қазақстан өзін транзиттік хаб ретінде танытты, сондықтан мұндай цифрлық шешімдер «жылдам» жолдар мен шекаралар туралы мәлімдемелерге толық сәйкес келеді. Бұл еліміздің Қытай мен Еуропа арасындағы бағыттарда бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі. Логистиканы цифрландыру — жаңа идея емес. Дегенмен, құжат рәсімдеу жылдамдығы мен цифрлық шешімдер бойынша әлемдік көшбасшылар саналатын Сингапур мен Қытайдың тәжірибесі Қазақстан үкіметіне жоспарды тек қағаз бетінде қалдырмай, жүйелі түрде іске асыруға серпін беріп отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамптың Африка жөніндегі кеңесшісі Эритреямен құпия келіссөздер туралы ақпаратты жоққа шығарды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Африка жөніндегі кеңесшісі Масад Булос Вашингтонның Эритреямен үшінші бір елге қарсы бағытталған құпия келісім жасауға ниетті екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты арзандап жатыр

Сәрсенбі күнгі сауда барысында АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және жапон иенасына қатысты құнын төмендетті.

Иран ХАМАС қабылдайтын кез келген шешімді қолдайды

Иран президенті Масуд Пезешкиан ХАМАС саяси бюросының жетекшісі Халил әл-Хайямен телефон арқылы сөйлесіп, Газа секторындағы жағдайды реттеу жөніндегі Израильмен келіссөздер барысында қозғалыс қабылдайтын кез келген шешімді Тегеран қолдайтынын мәлімдеді.

Тоқаев «Бәйтерекке» ШОБ-ты қолдау мен баспананың қолжетімділігін арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдап, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейтуді, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға баса назар аударуды тапсырды.