Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚазақстан медициналық туризмнің ортақ платформасын құруды ұсынды

Қазақстан медициналық туризмнің ортақ платформасын құруды ұсынды

|

|

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды: «Қазақстан азаматтардың шетелде мамандандырылған медициналық көмек алуын жеңілдету үшін түркі мемлекеттеріндегі медициналық ұйымдардың цифрлық мүмкіндіктерін біріктіруді ұсынды.Бастама медициналық туризмнің бірыңғай платформасын құруды, медициналық деректермен қауіпсіз алмасуды дамытуды және жасанды интеллектіні бірлесіп енгізуді көздейді.Бұл ұсынысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің денсаулық сақтау министрлерінің алтыншы кездесуінде айтты.Бірыңғай цифрлық платформа ТМҰ елдеріндегі жетекші клиникалар, мамандар, емдеу бағыттары мен қолжетімді медициналық қызметтер туралы ақпаратты бір жерге жинақтайды деп жоспарланып отыр. Болашақта пациенттер осы платформа арқылы медициналық ұйымды таңдап, алдын ала кеңес ала алады, шетелде емделуді ұйымдастырып, одан кейін де медициналық сүйемелдеу қызметін пайдалана алады.

«Біз үшін технологияны қаншалықты көп енгізгеніміз емес, оның пациентке қаншалықты пайдасы тиетіні маңызды. Ең бастысы – медициналық көмектің дер кезінде көрсетіліп, халыққа қолжетімді әрі сапалы болуы», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

 

Еуразия24 пікірі:

Бірден нақты деректерге көшейік. Үкімет мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанның медициналық ұйымдарына 80 мыңға жуық шетелдік жүгінген. Ал еліміздегі 10 медициналық мекеме JCI халықаралық аккредитациясына ие. Мәселен, Алматыда шетелдік пациенттер онкология мен хирургиядан бастап акушерлік және урологияға дейінгі түрлі бағыт бойынша ем қабылдайды. Алайда 80 мың шетелдік пациенттің бәрін медициналық турист деуге болмайды. Бұл көрсеткішке Қазақстанда жүрген кезінде қандай да бір себеппен дәрігер көмегіне жүгінген шетелдіктердің барлығы кірген болуы ықтимал. Мәселен, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйенсек (https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/article/details/104193 ), 2024 жылы қала стационарларында емделген 470 шетелдіктің тек 77-сі медициналық туризм аясында жоспарлы ем қабылдаған. Ал 205 адам ауруханаға шұғыл жағдайда түскен.

Әрине, Қазақстан денсаулық сақтау саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін жоққа шығаруға болмайды. Елде ағза трансплантациясы бойынша күрделі операциялар жасалып, салмағы небәрі 500 грамм болып туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін медициналық көмек көрсетіліп жүр.Дегенмен отандық медицинадағы қордаланған мәселелер әлі де шешімін тапқан жоқ. 2026 жылдың басында елде дәрігерлерге арналған 23,1 мың бос жұмыс орны ресми тіркелген. Ал осы жылдың алғашқы алты айында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне 14,3 мың шағым түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44%-ға көп.Бұдан бөлек, 2025 жылы жүргізілген кешенді тексерулердің нәтижесінде 400-ге жуық медициналық ұйым жұмысын тоқтатса, 500-ден астам субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Денсаулық сақтау министрлігі лицензиясыз әрі білікті мамандарсыз жұмыс істеген жекеменшік емшара кабинеттерін де анықтаған.Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі сөз етіп отырған халықаралық медициналық хабтың негізі цифрлық платформа емес, ең алдымен сапалы медициналық қызмет болуы керек. Ол үшін белгіленген талаптар қағаз жүзінде қалып қоймай, іс жүзінде орындалуға тиіс.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстандағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс Каспийдегі оқу-жаттығуды әзірлеу мен өткізу кезінде елеулі кемшіліктер болғанын анықтады

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия Каспийде 14 әскери қызметші қаза тапқан оқу-жаттығуды әзірлеу және жоспарлау барысында елеулі кемшіліктер жіберілгенін анықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті оқу-жаттығуда әскери қызметшілер қаза тапқаннан кейін Қорғаныс министрлігінде жүргізілген аудит нәтижелерімен танысты

Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылғанын анықтау мақсатында жүргізіліп жатқан жоспардан тыс аудиттің барысы туралы есеп берді, деп хабарлады дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Әлемдегі мұнай қоры қауіпті деңгейге дейін азайды – Saudi Aramco

Мұнай жеткізуде іркіліс болған жағдайда оның салдарын жеңілдетуге мүмкіндік беретін әлемдік мұнай қоры «алаңдатарлықтай төмен» деңгейге дейін азайды. Бұл туралы Сауд Арабиясының мемлекеттік Saudi Aramco компаниясының басшысы Амин Насер мәлімдеді.