Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарИпотека нарығындағы қысым: банктер бағдарламаларын шектеуде

Ипотека нарығындағы қысым: банктер бағдарламаларын шектеуде

|

|

PRO КАДРЫ KZ Telegram арнасы хабарлайды: Қазақстанның тұрғын үй нарығы күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Тұрғын үй бағасының үнемі қымбаттауы салдарынан баспана алу қолжетімсіз бола түссе, екінші деңгейлі банктер базалық мөлшерлеменің 18%-ға дейін көтерілуі және қараша айында ипотекалық несиелер бойынша шекті мөлшерлеменің 20%-ға дейін төмендеуі себебінен ипотека беруді уақытша тоқтатты. Мемлекет «Отбасы банк» арқылы ипотекалық бағдарламаларға қосымша қаржы бөлгенімен, сарапшылар мұның тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға айтарлықтай әсер етпейді деп санайды. Риэлторлар палаталарының өзін-өзі реттейтін қауымдастығының президенті Лариса Степаненко «Власть» басылымына берген сұхбатында былай деді:
«Мемлекеттік бағдарламалар екінші деңгейлі банктердің несиелік көлемін толық алмастыра алмайды және барлық әлеуетті сатып алушыларды қамти алмайды. Себебі бұл бағдарламалардың өз аудиториясы мен іріктеу талаптары өзгеше. “Отбасы банк” нарықтағы соққыны жұмсартқанымен, ипотекалық несиелеудің дағдарысқа дейінгі деңгейін барлық сегментте қалпына келтіре алмайды», — деді.

 

Евразия24 пікірі:

«Отбасы банк» даму институты мәртебесін иеленгелі бері тұрғын үй нарығының негізгі қатысушысына айналды. Банк бастапқы және қайталама тұрғын үйді ең төмен пайыздық мөлшерлемемен несиелендіріп отыр. Соған қарамастан, оның ипотекалық нарықтағы үлесі соңғы төрт жылда айтарлықтай азайған: 2021 жылы бұл көрсеткіш 66 пайыз болса, 2025 жылы 51 пайызға дейін төмендеген. Яғни нарықтағы қалған жартысына жуығын жеке коммерциялық банктер қамтамасыз етіп келген. Алайда базалық мөлшерлеменің 18 пайызға көтерілуі мен реттеушінің ипотекалық шекті ставканы 20 пайызға дейін төмендетуі банктердің табысын қысқартып, оларды бағдарламаларын уақытша тоқтатуға итермеледі. Қазір Halyk Bank, Nurbank және ForteBank ипотека беруді уақытша доғарған. Банк ЦентрКредит тұрғын үй несиесін жаңа есептеу ережесімен беруді жалғастырып отыр. Ал Freedom Bank бұрынғы шарттармен несие беруді жалғастырып жатқанымен, бұл “Отбасы банктен” қалған 49 пайыздық бос сегментті толтыруға жеткіліксіз. Сарапшылардың пайымынша, жеке банктердің белсенділігінің төмендеуі тұрғын үй нарығындағы бағаның өсу қарқынын бәсеңдетуі мүмкін. Әсіресе 2026 жылдан бастап шаршы метрге қосылған құн салығы енгізілетінін ескерсек, бұл фактор нарықты біршама «салқындатуы» ықтимал. Бірақ қарапайым азамат үшін жағдай оңай емес: өз үйін алғысы келгендер енді қымбат ипотека мен шектеулі ұсыныс арасынан өз мүмкіндігіне.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.