Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда 237 ерікті өрт сөндіру бекеті 700-ге жуық елді мекенді қорғайды

Қазақстанда 237 ерікті өрт сөндіру бекеті 700-ге жуық елді мекенді қорғайды

|

|

Астана. 18 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің ведомство жұмысының нәтижелері, азаматтық қорғау жүйесін жаңғырту барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы есебін тыңдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Шыңғыс Әрінов құтқару бөлімшелерінің желісін кеңейту, жаңа әмбебап құтқару құрылымдарын, авиациялық және теңіз жасақтарын құру жұмыстары туралы баяндады. Атап айтқанда, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салынып, олар 700-ге жуық елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырғанын жеткізді.

Министрдің айтуынша, халықты төтенше жағдайлар туралы жедел әрі жаппай хабардар ету жүйесі жетілдіріліп, Ахуалдық орталықтың мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Сондай-ақ табиғи өрттерді ерте анықтау жүйелері енгізілуде.

Соңғы екі жылда ТЖМ бөлімшелеріне 1,4 мыңнан астам техника, авиация құралдары, заманауи құтқару жабдықтары, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен байланыс құралдары берілді. Соның арқасында ел аумағындағы төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігі едәуір артты. Сонымен қатар министрлік бөлімшелерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шыңғыс Әрінов ведомство қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде де баяндады. Қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері қарастырылған. Бұдан бөлек, ТЖМ мамандарына арналған арнайы тұрғын үй кластері жобасы жүзеге асырылуда. Жоба өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару базаларының маңынан қажетті инфрақұрылымы бар тұрғын үйлер салуды көздейді.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмысына оң баға берді.

«Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи технологияларды енгізу және өрт қауіпсіздігін күшейту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды», – деп Президент баспасөз қызметі хабарлады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израильде ХАМАС шабуылының үш жылдығына байланысты аза тұту шаралары өтіп жатыр

Израиль қалаларында 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС жасаған шабуылдың үш жылдығына орай аза тұту рәсімдері өтіп жатыр, деп хабарлады сәрсенбі күні The Times of Israel.

Кремль Париждің зымыран сынағына жауап берді

Кремль сейсенбі күні Францияның ядролық оқтұмсықсыз M51.3 баллистикалық зымыранын ұшыруын Франция президенті Эмманюэль Макрон айтқандай «айқын әрі анық белгі» деп қабылдады. Алайда кез келген мәселені күш көрсету мақсатындағы зымыран ұшыру арқылы емес, келіссөз жолымен шешкен дұрыс деп санайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Ирак мұнай экспортының қысқаруына байланысты динар бағамын долларға шаққанда 13%-ға төмендетті

Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының шектелуі Ирак экспортына кері әсер етіп, ел экономикасына қысым түсірді. Осыған байланысты Ирак билігі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 13%-ға төмендетті.

Қазақстан мен Ұлыбритания білім, энергетика, логистика және ЖИ салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Анас Сарварды қабылдап, экономика мен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.