Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайын тексеру және өңіраралық тасымалдауда карантиндік сертификат...

Қазақстанда астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайын тексеру және өңіраралық тасымалдауда карантиндік сертификат талап ету қайта енгізілмек

|

|

Астана. 13 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешендегі бұрын тоқтатылған бақылау шараларын қайта енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, өңіраралық тасымалдау кезінде карантиндік сертификаттың міндетті болуы және астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайын тексеру қайта қолданысқа енгізілмек. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Агроөнеркәсіптік кешенді құқықтық реттеуге қатысты түзетулер Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 100-отырысында қаралды.

Үкіметтің мәліметінше, 2025 жылы өңіраралық тасымалдау кезінде карантиндік сертификаттың міндетті талабын алып тастағаннан кейін карантиндік объектілердің бақылаусыз таралу қаупі күшейген. 2023 жылы осы салада 1 986 құқық бұзушылық анықталып, 158,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынса, 2024 жылы 2 093 құқық бұзушылық тіркеліп, айыппұл көлемі 208,1 млн теңгені құраған.

«Ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, карантинге жататын өнімдерді облыстар арасында тасымалдау кезінде карантиндік сертификаттың болуы қайтадан міндетті талапқа айналады. Сонымен қатар оның болмауына әкімшілік жауапкершілік белгілеу ұсынылады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін 20 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды. (2026 жылы 1 АЕК – 4 325 теңге). Лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделіп отыр.

Сондай-ақ жаңа астық өнімін қабылдау науқаны алдында астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайын тексеру тәртібін қайта енгізу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, мұндай жүйелі тексерулер Қазақстанда 2018 жылдан бері жүргізілмеген.

Оның сөзінше, бұл заңнамадағы өзгерістер мен мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру тәсілдерінің өзгеруіне байланысты болған.

«Қолданыстағы тәсіл астықты қабылдаудан бастап сақтау және кейін жөнелтуге дейінгі бүкіл технологиялық циклге үздіксіз әрі кешенді бақылау жүргізуге мүмкіндік бермеді. Соның салдарынан соңғы бес жылда тексерулер небәрі төрт облыстағы кәсіпорындарды ғана қамтып, астықты кептіру мен сақтау технологиясының бұзылу қаупін едәуір арттырды», – деді вице-министр.

2024 жылы астық туралы заңнаманың 37 талап бұзушылығы анықталып, 31 кәсіпкерлік субъектісі жауапкершілікке тартылған. Ал 2025 жылы 11 құқық бұзушылық тіркеліп, төрт кәсіпорынға қатысты шара қолданылған.

Жоспарланған өзгерістер QOLDAU платформасындағы AgriBonds астық қолхаттары жүйесінде тіркелген 189 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты болады.

Үкіметтің пікірінше, жаңа шаралар жаңа өнімді қауіпсіз сақтауға және астықты қабылдау процесінің үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

13 шілдеге белгіленген ресми валюта бағамы – 1 АҚШ доллары 464,71 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Вице-президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылығын басқарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні «Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы» жарлыққа қол қойды.

ЗАЭС маңында резервтік электр желісін жөндеу үшін уақытша бітім жарияланды

Запорожье атом электр станциясы (ЗАЭС) маңында «Феросплавная-1» резервтік электр желісін қалпына келтіру үшін атысты уақытша тоқтату режимі күшіне енді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) хабарлады.

БАҚ: Венесуэлалық кәсіпкер АҚШ-қа мұнай танкерлерін ұстауға көмектескен

Венесуэлалық кәсіпкер, North American Blue Energy Partners (NABEP) компаниясының басшысы Алехандро Бетанкур Николас Мадуро билігі кезінде АҚШ санкцияларын бұзып, Венесуэла мұнайын тасымалдаған танкерлерді анықтауға Вашингтонға көмектескен.

БАҚ: Судан әскері жасырын түрде химиялық қару қорын құрған

Судан Қарулы күштері химиялық қару жасап шығарған. Бұл туралы The Washington Post (WP) Таяу Шығыстағы қауіпсіздік қызметтерінің аты-жөні аталмаған өкілдері ұсынған құжаттарға сілтеме жасап хабарлады.