Евразия24ЖаңалықтарТоқаев пен Путин Омбыда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындықты талқылады

Тоқаев пен Путин Омбыда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындықты талқылады

|

|

Астана. 30 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстан мен Ресейдің XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Әңгіме барысында шілде айының соңында Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындыққа ерекше назар аударылды», – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің биылғы мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдер екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытына елеулі серпін бергенін атап өтті.

Ақорданың мәліметінше, екі елдің үкіметтері қол жеткізілген уағдаластықтарды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді.

Бұған дейін Тоқаев форумның Омбыда 20 тамызда өтетінін хабарлаған болатын.

Өңіраралық ынтымақтастық форумы – Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық саладағы ең ауқымды әрі маңызды екіжақты іс-шаралардың бірі. Форум аясында Қазақстан-Ресей және Ресей-Қазақстан іскерлік кеңестерінің бірлескен отырысы, сондай-ақ іскерлік байланыстар биржасы ұйымдастырылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран: АҚШ меморандум талаптарын орындағаннан кейін ғана келіссөздер басталады

АҚШ пен Иран арасындағы түпкілікті келісім жөніндегі келіссөздердің қашан басталатыны Вашингтонның өзара түсіністік туралы меморандум талаптарын орындауына байланысты болады. Бұл туралы сейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Nikkei 225 индексі II тоқсанда рекордтық 37%-ға өсті

Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор нарықтары сейсенбі күнгі сауданы әртүрлі бағыттағы өзгерістермен аяқтады. Жапонияның Nikkei 225 индексі 0,9%-ға көтерілді.

АҚШ доллары еуроға, фунтқа және иенаға қатысты нығайды

Сейсенбі күнгі сауда барысында АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және жапон иенасына қатысты нығайды. Доллардың офшорлық юаньға шаққандағы бағамы 6,8009 юаньнан 6,7912 юаньға дейін төмендеді.

Тоқаев Қазақстанда ауқымды мемлекеттік реформалар басталатынын айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасын түбегейлі жаңғырту басталатынын мәлімдеді.