Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына бірқатар міндет жүктеді

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына бірқатар міндет жүктеді

|

|

Астана. 23 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппараты дербес мемлекеттік орган болып құрылғаннан кейін оның қызметкерлерімен алғашқы кеңес өткізді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы аппараттың жаңа мәртебесі мемлекеттік институттарды реформалау аясында қарастырылуға тиіс екенін атап өтті.

Президент әлемдегі ахуалдың жылдам өзгеріп жатқанын айтып, Қауіпсіздік кеңесі ел үшін маңызды мәселелер бойынша жан-жақты сараланған әрі нақты шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуы қажет екенін жеткізді.

Тоқаев қазіргі қауіп-қатерлердің сипаты өзгергеніне назар аударды. Осы орайда киберқауіпсіздік пен жасанды интеллектіні қолдануға қатысты мәселелерге басымдық берілді.

Сонымен қатар Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы алдағы уақытта маңызы арта түсетін ақпараттық, технологиялық, азық-түлік, су және энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды.

Президент осы бағыттардағы негізгі басымдықтарды айқындап, «Заң және тәртіп» қағидатын басты бағдар ретінде атады.

Кеңес қорытындысында Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына нақты міндеттер жүктелді. Оның жұмысының нәтижелілігі ең алдымен Қазақстанның ұлттық мүддесін, егемендігі мен тұрақтылығын сенімді қорғаумен бағалануға тиіс.

Тамыз айының соңында Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Соған сәйкес Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган – Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылды.

Осы Жарлықпен Президенттің бірқатар актісіне де өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Қауіпсіздік кеңесі хатшысының лауазымы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымымен ауыстырылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Литва СІМ: ЕО санкцияларына байланысты Беларусь тыңайтқыштарын Еуропа арқылы АҚШ-қа тасымалдау мүмкін емес

Беларусь тыңайтқыштарын АҚШ-қа жеткізу жөнінде талқыланып жатқан келісімге Литваны қоса алғанда, Еуропалық одақтың ешбір елі қатыса алмайды. Бұл туралы Литва Сыртқы істер министрі Кястутис Будрис мәлімдеді.

Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясында көпжақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ел ұстанымын таныстырады

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы жоғары деңгейлі апталыққа қатысып жатыр, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі сәрсенбіге қараған түні.

Үкімет жол ережесін бұзғандарға айыппұл жеңілдігін бермеуді ұсынды

Жол қозғалысы ережелерін үнемі бұзатын жүргізушілерге айыппұл төлеу кезінде жеңілдік берілмеуге тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов осындай пікір білдірді. «Жалпы, жол қозғалысы ережелерін үнемі бұзатын жүргізушілерге қатысты тәсілді қайта қарау қажет. Мұндай адамдарға айыппұл төлеу кезінде жеңілдік берілмеуге тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалатын шығынды азайтты

«Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тікелей өндірушілерден сатып алу тәжірибесі кеңейіп келеді. Соның нәтижесінде 2026 жылғы сатып алу науқаны барысында жалпы 70 млрд теңге үнемделді.