Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Қазақстан мен Қытайдың Common History Destiny бағдарламасын іске қосуды ұсынды

Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың Common History Destiny бағдарламасын іске қосуды ұсынды

|

|

Астана. 25 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Common History Destiny. Designed and Made in Both China And Kazakhstan бағдарламасын іске қосуды ұсынды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Қазақстан мен Қытайдың Common History Destiny. Designed and Made in Both China And Kazakhstan бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Үкімет қытайлық серіктестермен бірлесіп, келешегі зор жобаларды іріктеп, оларды жүзеге асыруға жедел кірісуі қажет», – деді Тоқаев жұма күні Алматыда өткен «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумында.

Президент өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Қазіргі уақытта бұл бағытта жалпы құны 62 млрд доллардан асатын 260 ірі бірлескен жоба бар.

«Қытай кәсіпорындарының қатысуымен Алматыда автомобиль кластері дамып келеді, Қарағанды облысында кремний өндірісі жолға қойылуда. Металлургия, мұнай-газ химиясы және энергия жинақтау жүйелері салаларында жобалар жүзеге асырылып жатыр. Өнімділігі төмен мұнай ұңғымаларының жұмысын оңтайландыру және қалпына келтіру жөніндегі алғашқы жобалар қолға алынды. Ақтөбе облысында қытайлық Jinyi Holding Group компаниясымен бірлесіп, халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтін арнайы индустриялық аймақ пилоттық режимде құрылып жатыр», – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, агроөнеркәсіп кешеніндегі келісімдер де нақты жобалармен толықтырылып келеді.

«Атап айтқанда, Lihua, Fufeng және Dalian Hesheng Holdings компанияларының тігінен интеграцияланған мақта-тоқыма кластерін құру, жүгері мен астықты терең өңдеу жөніндегі ірі жобаларын ерекше атап өткім келеді. Бұл серіктестігімізді жаңа деңгейге көтеруге жақсы негіз болады. Яғни жекелеген инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан толыққанды өндірістік экожүйелер құруға көшіп, Орталық Азия, Еуразиялық экономикалық одақ, Оңтүстік Кавказ және Еуропа елдерінің нарықтарына бірлесіп шығуға мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.

Президент тау-кен металлургия кешеніндегі ынтымақтастықты тағы бір басым бағыт ретінде атады. Оның айтуынша, Қазақстанда уран, мыс, алтын, көмір, аса маңызды минералдар мен сирек кездесетін металдардың мол қоры бар.

Мемлекет басшысы цифрландыру мәселесіне де ерекше тоқталды. Ол Қазақстанның әлемдегі жетекші технологиялық орталықтардың барлығымен ынтымақтастық орнатуға ашық екенін атап өтті.

«Биыл Қазақстан Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымды құрушы елдердің қатарына қосылып, технологиялық ынтымақтастықтың жаңа халықаралық алаңына мүше болды. Бұл бастаманы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ұсынған болатын», – деді Тоқаев.

Президент Қазақстанның технологиялар трансферіне, бірлескен инженерлік және ғылыми-зерттеу орталықтарын құруға мүдделі екенін айтты.

«Біз жаңа буын мамандарын даярлауға баса мән береміз. Елордамызда алғашқы Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашуды жоспарлап отырмыз. Alatau City – технология саласындағы нәтижелі серіктестігіміздің жарқын көрінісі. Бұл ауқымды жоба Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы іскерлік байланыстың ірі орталығына айналуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев ауыл шаруашылығын қолжетімді шарттармен несиелеуге банктерді кеңінен тарту қажет деп санайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне екінші деңгейлі банктердің аграрлық саланы қолжетімді шарттармен несиелеуге қатысуын кеңейту мәселесін шешуді тапсырды.

Қазақстан жасанды интеллектінің көмегімен әлемдік деңгейдегі азық-түлік өндіруші елге айналуы мүмкін – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ауыл шаруашылығына жасанды интеллект технологияларын енгізу саланың дамуына тың серпін беріп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі азық-түлік өндіруші елге айналуына жол ашуы мүмкін.

Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу үшін аграрлық саладағы бағдарламаларды оңтайландыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Үкіметке аграрлық саладағы бағдарламаларды жан-жақты талдауды тапсырды.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке салық жеңілдіктерін беру және проблемалық қарызы кешірілген азаматтарды жеке табыс салығынан босату жөніндегі өзгерістер мақұлданды

Қазақстанда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 30-шы отырысында салық заңнамасына қатысты екі түзету мақұлданды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.