Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Сингапур президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Сингапур президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

|

|

Астана. 9 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур президенті Тарман Шанмугаратнамға Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы жексенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы бұл мерекенің Сингапур халқы үшін ұлттық бірліктің, егемендік пен елдің орнықты дамуының нышаны ретінде айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан мен Сингапур арасындағы көпжақты ынтымақтастық екі ел халқының игілігі жолында алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Президент Тарман Шанмугаратнамға жауапты қызметінде табыс, ал достас Сингапур халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жоғары аудиторлық палата ғылым саласында 51 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады

Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы ғылым саласындағы мемлекет қаражаты мен активтерінің пайдаланылуына жүргізген аудит қорытындысында 51 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын және 47 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғанын анықтады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Қазақстан қытайлық CATL технологиясымен энергия жинақтау жүйелерін өндіруді бастады

Қазақстан Саран қаласының индустриялық аймағында қытайлық CATL (Contemporary Amperex Technology Co. Ltd.) технологиясы негізінде энергия жинақтау жүйелерін өндіру жобасын іске асыруға кірісті.

Қазақстан электр энергиясын жинақтау жүйелерін салуға аукциондар өткізуді жоспарлауда

Қазақстанның энергожүйесінің маневрлік қуатқа деген қажеттілігі шамамен 3 ГВт деп бағаланып отыр.

Қазақстан Жүктерді халықаралық автокөлікпен тасымалдау шарты туралы конвенцияға қосылады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында «Жүктерді халықаралық автокөлікпен тасымалдау шарты туралы конвенцияны (ЖХАТШ/CMR) ратификациялау туралы» заңды қарап, екі оқылымда қабылдады.