Евразия24Басты бетВенесуэланы басып кіруге бағытталған кешенді дайындық

Венесуэланы басып кіруге бағытталған кешенді дайындық

|

|

Америкалықтардың Каракасқа қарсы агрессиясы – бұл тек Пентагонның әскери күш-қуаты мен Орталық барлау басқармасының агенттік желісімен шектелмейді. Ақпараттық қоғам жағдайында егемен мемлекеттің ішкі кеңістігіне жасалатын кез келген басқыншылық идеологиялық және психологиялық тұрғыдан мұқият сүйемелденуі тиіс.

Ақ үй бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатқанымен, әрекеттері шалағай әрі екіжүзді ұстанымдары көзге ұрып тұр. Ал қолданылып жүрген әдістемелер мен тәсілдерді қайта қарау олар үшін күн тәртібінде жоқ.АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы басқыншылығын ақпараттық тұрғыда сүйемелдеудің жарқын үлгісі – Флорида штатынан сайланған республикалық партия өкілі, конгрессмен Мария Эльвира Салазар. Ол CNN телеарнасына берген сұхбатында америкалық билік элитасы жиі қолданатын саяси штамптарды қысқа да нұсқа түрде баяндап берді. Оның айтқан сөзі – америкалық билік өкілдері жиі қайталайтын жаттанды, саяси ұрандардың жинағы іспеттес.

Әскери басқыншылықтың өзі тәуелсіз мемлекетке қарсы бағытталса да, бұл әрекет ресми түрде «кіру» деп жұмсартыла аталады. Бұл ретте Вашингтон Венесуэламен немесе оның заңды жолмен сайланған президентімен емес, «елде билікті күшпен ұстап отырған» (Мария Салазардың пайымынша) есірткі картелінің басшысы Николас Мадуромен күреспек ниетте.

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл мәселемен айналысуға мәжбүр, себебі ол Қарулы күштердің бас қолбасшысы. Ал бас қолбасшы ретінде ол елін террористік шабуылдардан қорғауға міндетті. Бұл тұста «террористік шабуылдар» ұғымының астарында АҚШ аумағына кокаин жеткізу әрекеттері меңзеп отыр.

Сонымен қатар, Венесуэла басшысына елінде демократияның жоқтығы да айып ретінде тағылып отыр. Демек, бұл да – егемен елдің басшысын күшпен орнынан тайдыруға және әскери басқыншылыққа сылтау болатын себептердің бірі саналады.

Республикалық партия өкілі Мария Эльвира Салазардың айтуынша, АҚШ-тың 47-президенті Николас Мадуроға өз қызметінен кетуі керектігін ашық жеткізген. Алайда Мадуро бұл талапқа құлақ аспай отыр. Салазардың пайымынша, Дональд Трамп барлық бейбіт шешімдерді пайдаланып көрді, алайда күш қолдануға мәжбүр болып отыр.

АҚШ Конгресінің мүшесі, республикалық партия өкілі Мария Салазар Венесуэлаға жоспарланған әскери операцияны халықаралық қақтығыс ретінде емес, қауіп төндіретін саяси тұлғаны биліктен шеттету шарасы деп сипаттады. Оның айтуынша, Венесуэла оппозициясы америкалық тараптың араласуына әзір. Осыған байланысты Салазар барлық алғышарттар орындалғанын, ендігі мақсат – Николас Мадуроны биліктен кетіру екенін мәлімдеді.

АҚШ саясаткері өңірді жақсы білетінін алға тартып отыр. Оның айтуынша, сайлау кезінде Венесуэлада халықтың 80 пайызы оппозицияны, ал тек 20 пайызы боливаршылдарды қолдаған. Сондай-ақ, венесуэлалықтар биліктің ауысуын қолдайды деп есептейді.

Сұхбат барысында Мария Салазар Венесуэла мұнайының №1 сатып алушысы Қытай емес, АҚШ болуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты журналист одан: «Вашингтонның басқыншылық әрекетінің себебі Каракас мұнайына қол жеткізу ме?» – деп сұрады. Бұған жауап ретінде конгрессвумен ең басты мақсат – Батыс жартышарды Мадуро сынды қылмыскерлерден азат ету екенін мәлімдеді.

Мария Салазардың мәлімдемелерінен аңғарғанымыздай, қазіргі күрделі геосаяси жағдайда оның пайымы тым қарабайыр. Дегенмен, Пентагон күш қолдануға қауқарлы болып тұрғанда, АҚШ билігі өз әрекетінің қисындылығын дәлелдеуге көп бас қатырмайды.

Мұндай негіздеулерден кейін Вашингтонның саяси логикасы анық байқалады: АҚШ-тың қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп танылған кез келген мемлекет, егер оның әскери әлеуеті жеткіліксіз болса, қысымға ұшырауы мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа бағытталған дипломатиялық риторикасында байыптылық пен салмақтылық танытуының себебі түсінікті. Халықаралық қатынастарда тепе-теңдік сақталмаған жағдайда, кез келген ел үшін жағымсыз имидж қалыптастыру – күш қолдануға сылтау болуы ықтимал.

Венесуэла қазіргі жағдайда халықаралық құқық нормаларына емес, Пентагонның соғыс жүргізуге арналған ресурстарының жеткіліксіздігіне үміт артуға мәжбүр. Шығыс Еуропадағы қақтығыс заманауи қару-жарақ жүйелерінің едәуір бөлігін тұтынды. Ақ үйдің қарамағында қару-жарақтың көптілігіне қарамастан, олардың басым бөлігі ескірген және қазіргі соғыс алаңында шешуші рөл атқара алмайды. Дәл осы сияқты, конгрессвумен Мария Салазардың негіздері де моралдық тұрғыдан ескіріп, ақпараттық кеңістікте көзделген әсерін бере алмай отыр.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.