Евразия24ЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Арал қорына қайта оралуына үміт білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Арал қорына қайта оралуына үміт білдірді

|

|

Астана. 22 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Аралды құтқару халықаралық қоры құрамына қайта қосылатынына үміт білдіріп, бұл елдің қатысуы Орталық Азиядағы су саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.

«Белгілі болғандай, Қырғызстан қордағы қызметін уақытша тоқтатты. Бұл – Қырғыз мемлекетінің егемен құқығы, және Қазақстан оны құрметтейді. Сонымен қатар біз ведомстволар арасындағы жұмыс деңгейіндегі байланыстардың дамуын жоғары бағалаймыз және алдағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайынбыз. Қырғызстанның тәжірибесі бүкіл Орталық Азияның орнықты дамуы үшін аса маңызды. Сондықтан уақыт өте келе Қырғызстанның қордағы қатысуы қайта жанданады деп сенеміз. Біз мұны құптар едік», – деді Тоқаев Астанада өткен қор құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында.

Президенттің пікірінше, өңірде су және экологиялық мәселелер күшейіп отырған жағдайда, елдердің күш-жігерін біріктіру, өзара түсіністік танытып, келісімдерге келу арқылы ортақ шешімдер табу ерекше маңызды.

Айта кетейік, Қырғызстан Аралды құтқару халықаралық қоры жұмысына қатысуын 2016 жылы тоқтатқан.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев: Арал өңіріндегі экологиялық ахуал ушығып барады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, Арал теңізі алабындағы экологиялық қатерлердің өсу қарқыны оларды азайтуға бағытталған шаралардан озып отырғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияда су саласын цифрландыруды жеделдетуді ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын басқару саласын цифрландыруды жеделдету және Сырдария мен Әмудария өзендері алаптарында бірыңғай мониторинг жүйесін енгізу қажеттігін мәлімдеді.

https://www.youtube.com/watch?v=DVAFsih5Gl0 Зейнеткерлердің өздері 2025 жылы небәрі 864 млрд теңге алғанымен,...

Пентагон гипердыбыстық суборбиталық аппаратты құпия түрде сынақтан өткізді

АҚШ-тың Rocket Lab компаниясына тиесілі Electron зымыраны АҚШ Қорғаныс министрлігінің Зымыранға қарсы қорғаныс агенттігі мүддесіне арналған гипердыбыстық технологияларды сынау аппаратының суборбиталық ұшуын қамтамасыз етті.