Евразия24ЖаңалықтарФранциядағы орман өрттері ауа сапасының нашарлауына әкелді

Франциядағы орман өрттері ауа сапасының нашарлауына әкелді

|

|

Париж. 28 шілде. ИНТЕРФАКС – Францияның Жаңа Аквитания өңірінде жалғасып жатқан орман өрттеріне байланысты ауа сапасы нашарлады. Бұл туралы сейсенбі күні Le Figaro газеті хабарлады.

«Жаңа Аквитания өңіріндегі ауа сапасы төмендеді», – деп мәлімдеді өңірлік денсаулық сақтау агенттігі.

Хабарламада айтылғандай, дүйсенбі күні Жиронда, Ланд және Ло мен Гаронна департаменттерінде ауадағы ұсақ бөлшектердің шоғырлануы халыққа ескерту жариялау қажет деңгейден асып кеткен.

22 шілдеден бері ірі орман өрті жалғасып жатқан Жиронда департаментінде өрт сөндірушілер сейсенбіге қараған түні жағдайды жалпы бақылауда ұстай алды. Өрт шарпыған аумақтың көлемі 42 мың гектар күйінде қалып отыр.

Тілсіз жау 420 ғимаратты жойып, шамамен 220 мың адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 2 750 өрт сөндіруші, 1,5 мың әскери қызметкер және 1 440 құқық қорғау қызметкері жұмылдырылған. 93 өрт сөндіруші жарақат алған.

Аптап ыстықтың жаңа толқынына байланысты департамент билігі сейсенбі күні Лакано коммунасындағы кемпингтерден туристерді эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

Дүйсенбі күні Франция президенті Эмманюэль Макрон 23 шілдеде Ланд департаментінде басталған орман өрті оқшауланғанын мәлімдеді. Бұл өңірде өрт 3,6 мың гектар өсімдік жамылғысын және 198 ғимаратты жойған. Эвакуацияланған 30 мың тұрғынның шамамен 8 мыңы үйлеріне оралуға рұқсат алды.

Орман өрттері Испанияда да жалғасып жатыр. Соңғы бірнеше күнде 170 мыңнан астам адам эвакуациялануға немесе жүріп-тұруын шектеуге мәжбүр болды. Сейсенбі күні билік Мадрид маңындағы жағдайдың жақсарғанын хабарлағанымен, өрт әлі толық бақылауға алынған жоқ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.