Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда қиын жағдайға тап болған азаматтардың кешірілген несиесіне салық салмау ұсынылды

Қазақстанда қиын жағдайға тап болған азаматтардың кешірілген несиесіне салық салмау ұсынылды

|

|

Астана. 19 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда алаяқтардан зардап шеккен немесе күрделі өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың несиесі кешірілген кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босату мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселе Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 25-отырысында талқыланды.

Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, есептен шығарылған қарыз сомасы азаматтың табысы ретінде есептеледі және оған ЖТС салынады. Салықтан босату Кодекстің 368-бабында көзделген жекелеген жағдайларға ғана қатысты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен бірлесіп, қайтарылмайтын деп танылып, есептен шығарылған несиелер бойынша азаматтарды ЖТС төлеуден толық босатуды ұсынды. Бұл тәртіп алаяқтық жолмен рәсімделген несиелерге де қолданылуы мүмкін.

Серік Жұманғарин банктің коммерциялық қызметінен туындайтын тәуекелді азаматтың өзіне байланысты емес себептермен несиесін өтеу мүмкіндігінен айырылған жағдайлардан ажырату қажеттігін атап өтті.

«Алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтар, сондай-ақ шын мәнінде ауыр өмірлік жағдайға тап болған қарыз алушылардың берешегі есептен шығарылған кезде олар ЖТС төлеуден толық босатылуы тиіс. Бұл мәселеде мемлекеттің ұстанымы нақты. Алайда банк өз балансын оңтайландыру және провизияларды тарату мақсатында коммерциялық несиені есептен шығарса, бюджет салық түсімінен автоматты түрде айырылмауы керек. Сондықтан теңгерімді тәсіл қажет», – деді Жұманғарин.

Отырысқа қатысушылар банктердің қарыз алушының қаржылық жағдайын сауықтыру және берешекті өндіріп алу тетіктерін белсенді қолдануына жағдай жасау қажеттігін де атап өтті.

Талқылау қорытындысында вице-премьер уәкілетті мемлекеттік органдарға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп тиісті есеп жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ «ауыр өмірлік жағдай» ұғымына жататын нақты өлшемдерді заңмен бекіту ұсынылды. Олардың қатарына мүгедектік, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, мүлік пен табыстың болмауы енгізілуі мүмкін. Келісілген ұсыныстар келесі отырыста қаралатын болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев ауыл шаруашылығын қолжетімді шарттармен несиелеуге банктерді кеңінен тарту қажет деп санайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне екінші деңгейлі банктердің аграрлық саланы қолжетімді шарттармен несиелеуге қатысуын кеңейту мәселесін шешуді тапсырды.

Қазақстан жасанды интеллектінің көмегімен әлемдік деңгейдегі азық-түлік өндіруші елге айналуы мүмкін – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ауыл шаруашылығына жасанды интеллект технологияларын енгізу саланың дамуына тың серпін беріп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі азық-түлік өндіруші елге айналуына жол ашуы мүмкін.

Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу үшін аграрлық саладағы бағдарламаларды оңтайландыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Үкіметке аграрлық саладағы бағдарламаларды жан-жақты талдауды тапсырды.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке салық жеңілдіктерін беру және проблемалық қарызы кешірілген азаматтарды жеке табыс салығынан босату жөніндегі өзгерістер мақұлданды

Қазақстанда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 30-шы отырысында салық заңнамасына қатысты екі түзету мақұлданды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.