Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚМДБ: Әйелге қол көтеру – ер азаматқа жат қылық

ҚМДБ: Әйелге қол көтеру – ер азаматқа жат қылық

|

|

КазТАГ хабарлайды: «Әйелге қол көтеру – ерлік емес. Қоғамда болып жатқан кейбір оқиғалар жанға батады. Әсіресе әйел адамның өз отбасында зорлық-зомбылық пен қорлық көруі алаңдатады. Әйел – отбасының ұйытқысы. Ол – бір әулеттің аялап өсірген қызы, ардақты ана, сүйікті жар. Жаңа шаңыраққа келгенде ол өзін қорғайтын, жылуы мен мейірімі мол орта табарына сенеді. Сондықтан ер азаматтың міндеті – қорқыныш ұялату емес, қамқорлық таныту. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – отбасына жақсы қарым-қатынас жасағандарың», – деген. Бұл сөздің астарында терең мән жатыр», – делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сәрсенбі күні таратқан мәлімдемесінде. ҚМДБ ер азаматтың күш-қайраты жұдырықпен өлшенбейтінін атап өтті. «Нағыз күш – ашуды тежеп, сабыр сақтай білуде. Жақыныңды жылату емес, оған тірек болу – азаматқа тән қасиет. Ашу басылады, реніш ұмытылады. Бірақ ашумен жасалған әрекет пен ауыр сөз адамның көңілінде ұзақ уақыт өшпейтін із қалдыруы мүмкін. Кейде бір сәттік ашудың өкініші өмір бойы ұмытылмайды. Отбасы – адам өзін барынша қауіпсіз сезінетін орта болуы керек. Әйел өз шаңырағында қорқынышпен емес, құрметке бөленіп, қадір-қасиеті сақталған жағдайда өмір сүруге тиіс. Қызын аялап өсіріп, үлкен үмітпен ұзатқан әрбір ата-ананың тілегі біреу: «Барған жерінде бақытты болсын». Сол аманатқа қиянат жасамайық. Әйелді жылату – ер азаматқа сын. Оны қорғап, қамқор болу – ердің міндеті», – деп қорытындылады ҚМДБ.

 

Еуразия24 пікірі:

Қазақстанда қоғамның белгілі бір бөлігіне заңнан бұрын дін өкілдерінің сөзі әсер ететіні жасырын емес. Бұл жолы да мүфтият мемлекет ұзақ жылдар бойы түрлі шаралар, соның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту арқылы ықпал етуге тырысып жүрген аудиторияға үндеу жасады.

Заңда күш қолданған адам жауапқа тартылатыны нақты белгіленген. Ал дін өкілдері әйелге қол көтерудің адамгершілікке де, ер азаматқа да жат қылық екенін алға тартады. Бірінде заң алдындағы жауапкершілікке басымдық берілсе, екіншісінде адамның ішкі ұстанымы мен ар-ұятына әсер ету көзделген. Бірақ түпкі мақсат ортақ – отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу.

ҚМДБ мәлімдемесінің тағы бір маңызды тұсы – ер азаматты кемсіту немесе агрессияға агрессиямен жауап беру жоқ. Керісінше, нағыз ер-азаматтың күші жұдырығында емес, ашуға ерік бермей, өзін ұстай білуінде екені айтылады. Нағыз азамат – айналасына қорқыныш ұялататын емес, жанындағы адам өзін қауіпсіз сезінетін тұлға. Дін өкілдері көтерген бұл ұстанымды қоғамда кеңінен насихаттаудың маңызы зор.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан дрон қаупіне қарсы қорғаныс жүйесін күшейтіп жатыр

Қазақстанда отын-энергетика кешені нысандарын ұшқышсыз ұшу аппараттарынан қорғауды күшейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, нысандарды физикалық қорғау шаралары ұшқышсыз аппараттарды анықтау және олардың жұмысын тоқтатуды да қамтиды

Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасына қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Бұған дейін жазғанымыздай  тергеу 24 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтауды жалғастырып жатыр.

Қазақстандықтардың табысы мен шығыны цифрлық жүйе арқылы сараланады

Салық органдары қазақстандықтардың банктік аударымдарына еркін қол жеткізе алмайды. Smart Data Finance жүйесі 80 дереккөзден ақпарат жинап, азаматтардың табысы мен шығынын салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, адам ресми түрде айына 300 мың теңге табыс табады, бірақ 100 млн теңгеге пәтер сатып алса, салық органдарында сұрақ туындауы мүмкін. 

Үйірмелер мен секциялар бір жүйеге біріктіріледі: балаларға қандай мүмкіндік беріледі?

Оқу-ағарту министрлігі балаларға қосымша білім беру жүйесін ауқымды реформалауға арналған пилоттық жобаның географиясын кеңейтті. Құрылтайдағы «Ауыл» фракциясының депутаттық сауалына берген жауабында Жұлдыз Сүлейменова спорттық, шығармашылық және білім беру үйірмелері OQU бірыңғай цифрлық платформасына біріктірілетінін, ал пилоттық жоба Қазақстанның 11 өңірінде 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін жалғасатынын мәлімдеді. «Бір бала – бір ваучер» қағидаты өңірлерге тізімдегі жалған қатысушыларды анықтап, мемлекеттік білім беру тапсырысын тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Мұндағы басты міндет – балалардың өз сұранысына сай қосымша білім алуына, яғни шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуына жағдай жасау. Алайда алғашқы қарағанда бәрі ойдағыдай көрінгенімен, іс жүзінде жағдай шынымен соншалықты мінсіз бе?