Евразия24ЖаңалықтарТрамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы ақпарат беруден бас тартты

Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы ақпарат беруден бас тартты

|

|

Вашингтон. 14 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қатысты мәлімдемесі санкцияларды қамти ма деген сұраққа нақты жауап беруден жалтарды.

«Көре жатармыз, бұл ертең белгілі болады», – деді ол журналистерге.

АҚШ басшысы Украинадағы қақтығысты реттеу барысына тағы да көңілі толмайтынын атап өтті. Бұған дейін Трамп дүйсенбі, 14 шілде күні Ресейге қатысты маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлаған болатын.

«Меніңше, дүйсенбі күні Ресейге қатысты маңызды мәлімдеме жасаймын», – деді ол NBC News арнасына берген сұхбатында. Алайда Трамп мәлімдеменің мазмұнына қатысты ешқандай егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жапония Қытайдың әскери ұшағының әрекетіне байланысты алаңдаушылық білдірді

Жапония үкіметі Қытай тарапына наразылық білдірді. Бұған Қытайдың әскери ұшағы Жапонияның Окинава аралы маңында жапондық F-15 жойғыштарына радарын бағыттағаны себеп болды, деп хабарлайды жексенбі күні Associated Press (AP) агенттігі.

Индонезияның шығысында 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Индонезияның шығыс бөлігіндегі Банда теңізі аумағында жексенбі күні 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Ресей ғылым академиясы Біріккен геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы.

Трамптың Венесуэлаға қатысты әрекеттері аралық сайлауға кері әсер етуі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамптың есірткі тасымалдауға қатысы бар делінген кемелерге соққы беруі және Венесуэлаға қарсы құрлықтағы әскери операция жүргізу туралы мәлімдемесі республикалық партияның кейбір өкілдері арасында алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды The Washington Post.

Макрон, Стармер және Мерц дүйсенбі күні Лондонда АҚШ пен Украина өкілдерінің келіссөздерін талқыламақ

Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Германия канцлері Фридрих Мерц дүйсенбі күні Лондонда кездесіп, АҚШ пен Украина өкілдерінің Майамидегі келіссөздерінің нәтижелерін ескере отырып, Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі бірлескен іс-қимылды үйлестіруді жоспарлап отыр.