Евразия24Таңдаулы жаңалықтарАлтын тордағы жетімдер: Бағанашылдағы дау қалай аяқталды?

Алтын тордағы жетімдер: Бағанашылдағы дау қалай аяқталды?

|

|

Алматы қаласының әкімдігі мәлімдейді: «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері өздерінің орталығында тұрып, Алматы қаласында білімалуды жалғастырады. Қазіргі уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері нысанды беру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Балаларға заманауи және қауіпсіз жағдай жасау мақсатында мекеме ғимаратына кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Аталған жұмыс техникалық сараптама, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, мемлекеттік сараптама және конкурстық рәсімдердің қажеттілігіне байланысты келесі жылы басталады. Балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру жоспарда жоқ. Балалардың қауіпсіздігі мен қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету – Алматы қаласы әкімдігі мен Оқу-ағарту министрлігінің басты назарында. Тәрбиеленушілердің білім алуы мен тұрмыстық жағдайы бақылауда.»

Евразия24 пікірі:

21 шілде күні Алматы облысына «ерікті түрде» көшуге мәжбүр болған Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты жағдай ел Президентінің тапсырмасы мен Президент Әкімшілігі жүргізген тексерістен кейін өз шешімін тапты. Жетім балаларды өз мекенінде қалдыру – аталған оқиғаның қисынды әрі әділ қорытындысы болды.

Бұл тақырыпқа қатысты «Еуразия24» порталы бұрынғы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен сұхбат дайындады. Ол балалар үйінің жабылуына қатысты бастаманы жер телімінің жоғары нарықтық құнымен байланыстырады.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек те бұл учаскенің коммерциялық мақсатқа өту ықтималдығына құқықтық баға беріп: «Егер балалар көшірілсе, бұл жердің мәртебесі қандай болады? Егер мақсатты қолданылуы өзгеріп, коммерциялық құрылыс салынса – бұл мемлекеттің жер пайдалану құқығының бұзылуы болмақ», – деді. Соған қарамастан, балалар үйі орналасқан жердің құны төмендеген жоқ. Бағанашылда орнаған тыныштық қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.