Евразия24ЖаңалықтарPfizer семіздікке қарсы дәрі-дәрмек әзірлейтін Metsera компаниясын сатып алмақ, мәміле құны 10...

Pfizer семіздікке қарсы дәрі-дәрмек әзірлейтін Metsera компаниясын сатып алмақ, мәміле құны 10 млрд долларға дейін жетуі мүмкін

|

|

Мәскеу. 10 қараша. ИНТЕРФАКС. Америкалық фармацевтикалық алып Pfizer Inc. семіздік пен кардиометаболикалық ауруларды емдеуге арналған препараттар әзірлейтін Metsera Inc. компаниясын сатып алатынын мәлімдеді. Келісім құны 10 миллиард АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.

Metsera таратқан ресми хабарламаға сәйкес, Pfizer компания акциясының бір данасы үшін 65,6 доллар төлеуге келіскен. Бұдан бөлек, Metsera акционерлері АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) тарапынан белгілі бір дәрілерге мақұлдау алынған жағдайда, әр акция үшін қосымша 20,65 долларға дейін ала алады.

Осылайша, Pfizer компаниясы Metsera-ның әр акциясы үшін жалпы 86,25 долларға дейін төлеуі ықтимал.

Еске сала кетейік, Pfizer биыл қыркүйек айында Metsera компаниясын 7,3 миллиард долларға сатып алу туралы келісім жасаған болатын. Алайда кейінірек Даниялық фармацевтикалық алпауыт Novo Nordisk Metsera-ға шамамен 9 миллиард доллар көлемінде тиімдірек ұсыныс жасады.

Осы жағдайдан кейін Pfizer өз ұсынысын қайта қарап, жақсартылған шарттар ұсынды. Нәтижесінде Metsera-ның директорлар кеңесі акционерлерге дәл осы ұсынысты қолдауға кеңес берді. Мәміле 13 қарашада өтетін арнайы акционерлер жиналысынан кейін жабылуы тиіс.

Novo Nordisk өз кезегінде ұсынысын қайта қарастырмайтынын хабарлады.

Metsera компаниясы 2022 жылы құрылған. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын одан әрі көтерді

Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты мұнай қымбаттауын жалғастырып жатыр. Brent бағасы шілдеден бері алғаш рет барреліне 100 доллардан асып, осы деңгейден төмендеген жоқ.

Азия қор нарықтарындағы сауда әркелкі аяқталды

Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор нарықтарында сәрсенбідегі сауда әркелкі аяқталды.

Ресей бірқатар елмен визалық тәртіпті жеңілдету бағытында жұмыс жүргізіп жатыр

Ресей достас мемлекеттермен визалық талаптарды жеңілдету жөніндегі жұмысты жалғастырып келеді. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, Ресей мен Қытай азаматтары үшін визаның өзара уақытша алынып тасталуы екі ел арасындағы туристік және гуманитарлық байланысты едәуір жандандырған.

«Самұрық-Қазына» биыл 3,2 трлн теңгенің инвестициялық жобаларын аяқтауды жоспарлап отыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының биылғы жұмыс нәтижелері, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөніндегі есепті тыңдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.