Егер жасанды интеллект банк шығындарын едәуір азайтатын болса, онда тұтынушы да соған сай нәтиже күтеді. Яғни қосымшалардың шапшаң жұмыс істеуі, қателіктің азаюы, қағазбастылықтың жойылуы, ал ең бастысы – қолжетімді қызмет түрлері.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда Орталық Азия мемлекеттері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының жұмысы айрықша маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде сөз сөйлей отырып, өңір елдеріне жасанды интеллектіні (ЖИ) жауапты әрі қауіпсіз пайдалану жөніндегі ортақ декларацияны әзірлеуді ұсынды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияның көлік инфрақұрылымын үйлесімді дамыту мақсатында өңір елдерімен бірлесіп кешенді стратегия әзірлеуді ұсынды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері форматына Әзірбайжанның қосылуын құптай отырып, мұндай әріптестіктің басты міндеті – өңірдегі тұрақтылықты күшейту екенін айтты.
ЕАЭО-ның транзиттік әлеуеті артып тұрған тұстағы ҚТЖ мен РТЖ арасындағы келісім Одақтың екі ірі экономикасы өздерінің «ХХІ ғасырдағы мұнайын» — теміржол тасымалын — ақыры тапқанын айқын аңғартады.
Қазақстанға келетін туристер ағыны өсіп отырғанымен, туризмді экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналдыру үшін бұл көрсеткіштер әлі де жеткіліксіз. Туристік серпіннің баяулау себептері табиғи әлеуетте емес, бірқатар жүйелік факторларда жатыр.
Сарапшылар қаржы реттеушілерінің назарынан тыс қалып, бір банктің шетелге 7 трлн теңгені қалай аударып жіберуі мүмкін екендігі жөнінде түрлі болжамдар айтты. Біріншіден, қаражат бір реттік төлеммен емес, аффилирленген компаниялар арқылы жүздеген мың транзакция түрінде шығарылуы мүмкін.
Кувейттің мемлекеттік Kuwait Petroleum Corporation компаниясы мұнай өндіру және мұнай-химия нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуыл туралы мәлімдеді.