Евразия24Не болдыПрезидент Каспийдегі оқу-жаттығуда қаза тапқан сарбаздарды марапаттады

Президент Каспийдегі оқу-жаттығуда қаза тапқан сарбаздарды марапаттады

|

|

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен (қайтыс болғаннан кейін) марапатталды.

Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен:

Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі;

Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен:

Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқыш);

Бердиханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (гранатаатқыш);

Гумаров Мансур Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеуші);

Кобенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (гранатаатқыш);

Мадихан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (гранатаатқыштың көмекшісі);

Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (гранатаатқыш);

Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (пулеметшінің көмекшісі);

Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқыш);

Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқыш)», – деп Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен:

Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқыш);

Темерхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқыш);

Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитарлық нұсқаушы) марапатталды», – деп Ақорда хабарлады.

Бұл жас жігіттердің бәрі, әсіресе 24 қыркүйекте өмірі қиылған сарбаздар, ордендерін салтанатты әскери киіміне тағып, Отан қорғаушылар күні құттықтау қабылдап жүруі мүмкін еді… Алайда марапатталған он төрт әскери қызметшіге мұндай сәтті көру бұйырмады. Ал аман қалған үшеуі үшін де бұл марапаттардың салтанатты сәттермен байланысты болуы екіталай.

Салтанатты әскери киімге тағылған орден мен жерлеу рәсімінен кейін қауіпсіздік жүйесіндегі олқылықтың өтеуі іспетті марқұмның отбасына табысталған орденнің мәні бірдей емес.

Осыдан небәрі 11 жыл бұрын, 2015 жылғы қыркүйекте дәл осы Ақтауда өткен оқу-жаттығу кезінде де әскери қызметшілер қаза тапқан еді. Ол кезде қайғылы оқиғаға «ережелер мен іс-қимыл тәртібінің сақталмауы, жеке құрамның даярлығының жеткіліксіздігі және бақылаудың әлсіздігі» себеп болғаны айтылған.

Сол оқиғадан қандай қорытынды шығарылды?

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қарулы күштерді реформалау жұмыстары басталды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор Айдос Мырзахметов министрліктің басшылық құрамымен алғашқы жұмыс кеңесін өткізіп, Қарулы күштерді одан әрі дамыту мен реформалаудың негізгі міндеттерін айқындады. (...) Басты міндет – әскердің нақты жауынгерлік әзірлігін арттыру, басқару жүйесін жетілдіру, жауынгерлік даярлық сапасын көтеру, қару-жарақ пен әскери техниканы дамыту. 

Қазақстанда риелторлар қызметін реттеу көзделіп отыр

Қоғамдық кеңес мүшесі Марлен Смайылов нарыққа қатысушылардың жұмысын реттейтін ашық әрі түсінікті қағидаларды белгілеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және риелторлардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

 Еуроодақты қыспаққа алған газ дағдарысы

Қазақстан халқының назары Украинадағы ахуалға, әсіресе алдағы уақытта оқиғалардың қалай өрбитініне ауып отырғаны түсінікті. Өйткені Украинаның соғысты әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі Еуропаның қолдауына тәуелді.

Доллар еуроға қатысты нығайып, иена мен фунтқа шаққанда әлсіреді

Дүйсенбі күні күндіз АҚШ доллары еуроға қатысты нығайды, ал фунт стерлинг пен жапон иенасына шаққанда төмендеді.