Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЖІӨ өскенімен, қор азаюда

ЖІӨ өскенімен, қор азаюда

|

|

Ranking.kz хабарлайды: «Ұлттық қордан нысаналы трансферттер бөлуді тоқтату туралы шешім қабылданғанына қарамастан, қордан жұмсалатын қаражат көлемі оған түсетін түсімдерден әлі де жоғары болып отыр. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында пайдаланылған қаражат көлемі 45%-ға қысқарып, 800 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың қаңтар–наурыз айларындағы 1,5 трлн теңгемен салыстырғанда айтарлықтай төмен (…) Қор қаражатын пайдалану саясатының жаңаруы шығыстар мен түсімдер арақатынасының қысқаруына заңды түрде әсер етті. 2026 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш соңғы екі жылдағы ең төмен деңгейге жетіп, шығыстар түсімдердің 100,1%-ын ғана құрады. Айырмашылықтың мардымсыз болғанына қарамастан, шығыстар көлемі әлі де түсімдерден жоғары күйінде қалды. Өткен жылдың осы кезеңінде қордан алынған қаражат көлемін салыстыратын болсақ оның кірістерден екі есе асып түскен байқаймыз. Жалпы алғанда, шығыстардың түсімдерден арту үрдісі 2025 жылдың қорытындысы бойынша да, одан алдыңғы жылы да байқалды. Бұл жағдай (инвестициялық табысты есептемегенде) түсімдердің азаюы аясында мемлекеттік бюджеттің Ұлттық қор қаражатына тәуелділігінің артып келе жатқанын көрсетеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі есептеріне сүйенсек, соңғы бірнеше жылда қор кірістерінің жыл сайын төмендеу үрдісі тіркеліп келеді: 2022 жылы қор 6,6 трлн теңгеге толықса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 4,6 трлн теңгеге дейін азайды, ал 2024–2025 жылдары ең төменгі деңгейге — 3,8 трлн теңгеге дейін түсті. Мұның негізгі себебі — корпоративтік табыс салығынан түсетін түсімдердің қысқаруы».

Еуразия24 пікірі:

Әрине, үкіметтің бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қор қаражатын пайдалануға бейімділігі туралы, сондай-ақ 2025 жылы ЖІӨ өсімі 6,5%-ға жеткені жөніндегі мәлімдемелер аясында сын айтуға болар еді. Мұндай пайым орынды көрінгенімен, бұл екі құбылыс толықтай өзара сәйкес келе бермейді. Қарама-қайшы көрінгенімен, экономиканың өсуіне қарамастан, қордан қаражат алу үрдісі алдағы уақытта да сақталуы ықтимал. Себебі белгілі бір деңгейде ЖІӨ өсімі өткен жылдардағы трансферттер арқылы жүргізілген бюджеттік ынталандырудың нәтижесі болып отыр. Осылайша, белгілі бір дәрежеде тұйық цикл қалыптасады: Ұлттық қор экономиканы қолдайды, экономика өсім көрсетеді, алайда бұл өсім қор кірістерінің сәйкес деңгейде артуына алып келмейді, соның салдарынан қор қаражатын пайдалану жалғасады. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер құрылымындағы өзгерістерге қарамастан, бюджеттің әлеуметтік шығыстар, инфрақұрылым және жұмыспен қамтуды қолдау секілді қатаң міндеттемелері өзгеріссіз қалып отыр. Мәселенің тағы бір қыры – экономикалық өсімнің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылыққа айналмай отырғандығында. Бұл өсім мұнай-газ секторы есебінен емес, құрылыс, қызмет көрсету саласы мен мемлекеттік шығыстар арқылы қамтамасыз етілгендіктен, Ұлттық қордың толығуына әсер етпейді. Бұл – Ұлттық қордың әлеуетін арттыруға кедергі келтіріп отырған құрылымдық теңгерімсіздік пен баламалы салық базасының әлсіздігінің көрінісі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Таяу Шығыстағы шиеленіс аясында мұнай бағасы өсіп, Brent 87 доллардан асты

Таяу Шығыстағы қақтығыстың айтарлықтай ушығуы аясында әлемдік мұнай бағасы өсуін жалғастыруда. Сауда барысында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 87 доллардан асты.

БҰҰ ДБ Орталық Азиядағы апат қаупін азайту жөніндегі өңірлік жобаны іске қосты

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Түрікменстан Қорғаныс министрлігінің Азаматтық қорғаныс және құтқару жұмыстары жөніндегі бас басқармасымен бірлесіп, Орталық Азияда табиғи апаттар қаупін азайту жүйесін нығайтуға бағытталған өңірлік жобаны іске қосты.

Иран порттары қоршаудан уақытша босатылған кезеңде 57 млн баррель мұнай экспорттады

Иран АҚШ-тың теңіз қоршауы уақытша тоқтатылған кезеңде кемінде 57 млн баррель мұнайды экспортқа шығарды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Қазақстан Үкіметі Құрылтай сайлауын өткізуге 34,3 млрд теңге бөлді

Қазақстан Үкіметі өз резервінен 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін 34,3 млрд теңге бөлді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді.