Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚазақстан энергетикасы: 2026 жылға үміт артқан жоспар

Қазақстан энергетикасы: 2026 жылға үміт артқан жоспар

|

|

Қазақстан Республикасының Үкіметі хабарлайды: «2026 жылы Қазақстанда жалпы қуаты шамамен 2,6 ГВт болатын жаңа электр энергиясын өндіру қуаттары пайдалануға беріледі. Оның ішінде жаңартылатын энергия көздері объектілерінің үлесі 173 МВт-ты құрайды. Негізгі жобалар төмендегідей:

  • «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС – жиынтық қуаты 17 МВт болатын үш кәдеге жаратушы қазандық пен бір бу турбинасын іске қосу көзделген. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылғы маусымға жоспарланған;
  • Атырау ЖЭО-да қуаты 59,6 МВт болатын №11 турбоагрегат пен №15 қазандықты 2026 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру жоспарланып отыр;
  • Қызылорда облысында қуаты 240 МВт болатын бу-газ қондырғысы 2026 жылғы тамызда іске қосылады;
  • Түркістан облысында қуаты 1 000 МВт болатын бу-газ қондырғысы жобасы жүзеге асырылуда, нысанды пайдалануға беру мерзімі – 2026 жылғы желтоқсан;
  • Алматы қаласында екі ірі жоба іске асырылмақ: ЖЭО-2 базасындағы қуаты 557 МВт болатын бу-газ қондырғысы және ЖЭО-3 базасындағы қуаты 544 МВт болатын бу-газ қондырғысы. Аталған екі нысанды да 2026 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру көзделген;
  • Сонымен қатар жалпы қуаты 173 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері объектілерін іске қосу жоспарланған.

2027 жылдың I тоқсанында Қазақстанның электр энергиясына деген ішкі қажеттілігі толық қамтамасыз етіліп, ел энергия тапшылығы бар мемлекет мәртебесінен шығарылады деп күтілуде».

 

Евразия24 пікірі:

Бұл – өте батыл мәлімдеме. Себебі 2026 жылы іске қосылады деп жоспарланған энергетикалық жобалардың бірқатары іс жүзінде ұзаққа созылған құрылыстар санатына жатады және олар әлдеқашан жұмыс істеуі тиіс еді. Мәселен, Атырау ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстары соңғы он жылға жуық уақыт бойы, тіпті одан да ұзақ мерзімде баяу жүргізіліп келеді. Жылу орталығының ресми сайтында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есептер жарияланып тұрады. Ал соңғы ақпаратқа сәйкес (https://www.ahps.kz/news/31-12.2025.html), қазіргі уақытта қуаты 210 МВт болатын газтурбиналық қондырғылар құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша тендер өткізіліп жатыр. Қызылорда облысында түрік компаниясы салып жатқан бу-газ қондырғысы бастапқыда 2025 жылы пайдалануға беріледі деп уәде етілген. Алайда қазір оның іске қосылу мерзімі 2026 жылға шегерілді. Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға көшіру де бірнеше рет кейінге қалдырылды: алдымен 2023 жылға, кейін 2025 жылға жоспарланған бұл жұмыстар енді 2026 жылға шегерілді. Соған қарамастан, аталған нысандардың барлығында нақты, яғни қағаз жүзіндегі емес, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескерсек, жобаларды аяқтап, толық іске қосу ықтималдығы өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары деуге негіз бар.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Есепте арзандаған дәрі дәріханада қымбат: үкімет нарықты ретке келтірмек

Қазақстанда дәрі-дәрмек жалпы инфляциядан әлдеқайда жылдам қымбаттап жатыр. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі әрбір төртінші препараттың бағасы төмендегенін мәлімдейді. Бұл қайшылық 3 қарашада халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қаралған үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында байқалды. Дегенмен шенеуніктер тек баға жайын сөз еткен жоқ. Олар мемлекеттік сатып алуда миллиардтаған теңге үнемделгенін айтып, жаңа фармацевтикалық өндірістер ашылатынын, тегін дәрі-дәрмекпен қамту аясы кеңейіп, цифрлық бақылау күшейетінін хабарлады. Мұның бәрі, сөзсіз, маңызды. Бірақ қазақстандықтар осы қамқорлықтың игілігін көре ме? Мәселенің мәніне үңіліп көрейік.

Песков Ресейдің ТМҰ-ға қатысуы туралы пікір білдірді

Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуы қисынды әрі орынды болар еді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге әзірге ресми шақыру түспеген.«Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келсек, өздеріңіз білетіндей, Ресейдің бірқатар өңірінде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары тұрады», – деді Песков.

Өзгенің баласын өз атына жаздырған ер адам енді одан бас тарту үшін Конституциялық сотқа жүгінді

Астанадағы Конституциялық сотта судья-баяндамашы Айжан Жатқанбаеваның төрағалығымен баланың анасымен ажырасқаннан кейін өзінің әкелігін даулап отырған ер адамның өтініші қаралып жатыр. Ол баланың биологиялық әкесі емес.

Еңбек министрлігі: сынақ мерзімі жалақы төлемеуге негіз емес

Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдағанда оның кәсіби дағдыларын және тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Алайда сынақ мерзімі азаматтардың еңбек құқықтарын шектемейді.