Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚазақстанда риелторлар қызметін реттеу көзделіп отыр

Қазақстанда риелторлар қызметін реттеу көзделіп отыр

|

|

Сауда және интеграция министрлігі хабарлағандай: «…Қоғамдық кеңес мүшесі Марлен Смайылов нарыққа қатысушылардың жұмысын реттейтін ашық әрі түсінікті қағидаларды белгілеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және риелторлардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, риелторлардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінің болмауы, міндетті аккредиттеу мен қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарының енгізілмеуі, сондай-ақ баға белгілеу тәртібі мен тұтынушылардың шағымдарын қарау тетіктерінің жеткілікті деңгейде ашық болмауы өзекті мәселелер қатарында аталды. Қазіргі уақытта риелторлық қызметті реттеуге қатысты заң жобасы Қазақстан Республикасының Құрылтайында қаралып жатыр. Сонымен қатар риелторлық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының кәсіби стандарты әзірленіп, келісу рәсімінен өтуде. PANA қауымдастығының төрағасы Әсет Айтбай риелторлық қызметті реттеу тәртібін жетілдіру жөніндегі бастаманы кәсіби қауымдастық осыдан екі жыл бұрын көтергенін айтты. Оның сөзінше, нарықтағы негізгі мәселелердің бірі – кәсіби біліктілігі жоқ делдалдардың көптігі және алаяқтық фактілерінің кездесуі».

 

Еуразия24 пікірі:

Бұл бастаманы біз де қолдаймыз. Қазақстандағы риелторлық қызмет нарығында ортақ тәртіп пен бірыңғай талаптың жоқтығы соншалық, әркім өз білгенімен жұмыс істейтін салаға айналғандай. Бір риелтор комиссияны сатушыдан алса, енді бірі сатып алушыдан алады. Кейбірі екі тараптан да ақы алудың жолын табады. Ал өзін аяқ астынан риелтормын деп жариялап, осы кәсіпке кездейсоқ келген адамдар да жоқ емес. Мәселе миллиондаған теңгенің мәмілесі туралы болып отыр. Мұндай жағдайда кәсіби біліксіздіктің салдары клиенттің көңілі қалумен ғана шектелмейді.

Осы орайда 2025 жылы Алматы облысының прокуратурасы жариялаған деректі еске түсірейік. Ведомство алаяқтық белгілері байқалған 5 мыңнан астам аккаунттың бұғатталғанын хабарлаған еді. Олардың едәуір бөлігі тұрғын үйді тәуліктік жалға беру және жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі хабарландыруларға қатысты болған.

Әрине, біз барлық риелторға күмәнмен қарауды ұсынып отырған жоқпыз және мемлекеттен де мұндай ұстанымды талап етпейміз. Алайда кез келген кәсіби салада жұмыс тәртібі айқын белгіленіп, сол талаптарды бұзғандар тиісті жауапкершілік арқалауға тиіс.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

 Еуроодақты қыспаққа алған газ дағдарысы

Қазақстан халқының назары Украинадағы ахуалға, әсіресе алдағы уақытта оқиғалардың қалай өрбитініне ауып отырғаны түсінікті. Өйткені Украинаның соғысты әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі Еуропаның қолдауына тәуелді.

Доллар еуроға қатысты нығайып, иена мен фунтқа шаққанда әлсіреді

Дүйсенбі күні күндіз АҚШ доллары еуроға қатысты нығайды, ал фунт стерлинг пен жапон иенасына шаққанда төмендеді.

ЕО елдерінің қорғаныс министрлері Украинаның қорғаныс шығындарын қаржыландыру мәселесін талқылады – Каллас

Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас дүйсенбі күні Брюссельде қорғаныс министрлері форматында өткен ЕО Сыртқы істер кеңесінің отырысында Украинаны қаржыландыру мәселелері талқыланғанын хабарлады.

АҚШ Венесуэлада өндірілген алтынды сатып алуда қиындыққа тап болды

АҚШ билігі Венесуэла мұнайымен қатар, елде өндірілетін алтынды да сатып алуды көздеген. Алайда алтынның шығу тегіне және оны өндіру кезінде заң талаптарының сақталуына қатысты мәселелер бұл жоспарды жүзеге асыруды қиындатты, деп хабарлайды The New York Times (NYT).