Евразия24ЖаңалықтарКанада АҚШ тауарларына жауап ретінде баж енгізуге дайындалып жатыр

Канада АҚШ тауарларына жауап ретінде баж енгізуге дайындалып жатыр

|

|

Вашингтон. 25 тамыз. ИНТЕРФАКС – Канада премьер-министрі Марк Карни сейсенбі, 25 тамызда АҚШ тауарларына жауап ретінде баж енгізілетінін жариялауы мүмкін. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасаған Associated Press хабарлады.

Агенттік дерегінше, Канада жаңа баждар туралы шешімін сейсенбі күні жарияламақ.

Бұған дейін Карни АҚШ-тың әрбір сауда шектеуіне дәл сондай көлемде жауап берілетінін мәлімдеген еді.

Алайда дүйсенбі күні премьер-министр Канада жауап шараларын қабылдағанда «долларға – доллар» қағидатын ұстанбауы мүмкін екенін айтты. Оның орнына нақты тауарлар мен салаларға бағытталған шаралар қарастырылып жатыр. Карнидің айтуынша, үкімет үшін ең бастысы – канадалық жұмысшылар мен бизнестің мүддесін қорғау.

Сол күні АҚШ президенті Дональд Трамп 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Канадада шығарылған жеңіл және жүк көліктеріне, автокөлік бөлшектері мен болатқа 50 пайыздық баж енгізілетінін мәлімдеді.

Трамп Канаданы АҚШ үшін сауда қатынасын жүргізу ең қиын елдердің бірі деп атады. Оның айтуынша, Оттаваның америкалық ауыл шаруашылығы өнімдеріне салған баждары салдарынан АҚШ-тың Канадамен саудадағы тапшылығы 60 млрд долларға жеткен. Сондай-ақ ол Канаданың АҚШ-қа тәуелділігі әлдеқайда жоғары екенін айтып, канадалық бизнестің 95%-ы АҚШ-пен байланысты екенін мәлімдеді.

АҚШ пен Канада өткен жұмаға дейін жаңа сауда шарттары жөнінде ортақ мәмілеге келе алмады. Соның нәтижесінде сенбі күні жалпы құны 20 млрд доллар болатын бірқатар канадалық тауарға, соның ішінде сыра мен ірімшікке АҚШ-тың 50 пайыздық бажы күшіне енді.

АҚШ-тың сауда өкілі Джеймисон Грир Канаданың келісуге аз қалған мәміледен бас тартқанын мәлімдеді. Ал АҚШ көлік министрі Шон Даффи Оттаваның сауда текетіресіне баруын үлкен стратегиялық қателік деп бағалады.

Марк Карни бұған дейін Вашингтон келіссөз аяқталар тұста талаптарын өзгерткенін айтқан. Ол АҚШ-тың бұл әрекетін әділетсіз әрі экономикалық тұрғыдан негізсіз деп бағалап, мұндай жағдайда кез келген келісімнің сенімділігіне күмән туатынын мәлімдеген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Есепте арзандаған дәрі дәріханада қымбат: үкімет нарықты ретке келтірмек

Қазақстанда дәрі-дәрмек жалпы инфляциядан әлдеқайда жылдам қымбаттап жатыр. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі әрбір төртінші препараттың бағасы төмендегенін мәлімдейді. Бұл қайшылық 3 қарашада халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қаралған үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында байқалды. Дегенмен шенеуніктер тек баға жайын сөз еткен жоқ. Олар мемлекеттік сатып алуда миллиардтаған теңге үнемделгенін айтып, жаңа фармацевтикалық өндірістер ашылатынын, тегін дәрі-дәрмекпен қамту аясы кеңейіп, цифрлық бақылау күшейетінін хабарлады. Мұның бәрі, сөзсіз, маңызды. Бірақ қазақстандықтар осы қамқорлықтың игілігін көре ме? Мәселенің мәніне үңіліп көрейік.

Песков Ресейдің ТМҰ-ға қатысуы туралы пікір білдірді

Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуы қисынды әрі орынды болар еді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге әзірге ресми шақыру түспеген.«Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келсек, өздеріңіз білетіндей, Ресейдің бірқатар өңірінде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары тұрады», – деді Песков.

Өзгенің баласын өз атына жаздырған ер адам енді одан бас тарту үшін Конституциялық сотқа жүгінді

Астанадағы Конституциялық сотта судья-баяндамашы Айжан Жатқанбаеваның төрағалығымен баланың анасымен ажырасқаннан кейін өзінің әкелігін даулап отырған ер адамның өтініші қаралып жатыр. Ол баланың биологиялық әкесі емес.

Еңбек министрлігі: сынақ мерзімі жалақы төлемеуге негіз емес

Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдағанда оның кәсіби дағдыларын және тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Алайда сынақ мерзімі азаматтардың еңбек құқықтарын шектемейді.