Евразия24ЖаңалықтарТоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қояды

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қояды

|

|

Астана. 24 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша жақын арада консультациялар өткізетінін мәлімдеді.

«Жақын арада Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде консультациялар өткіземін. Соның қорытындысы бойынша тиісті жарлыққа қол қоямын», – деді Тоқаев бейсенбі күні Халық кеңесінің алғашқы сессиясында.

Одан кейін Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлаудың өтетін күнін белгілейді.

«Бұл қадам мәслихаттардың білікті әрі кәсіби құрамын жасақтауға жол ашып, олардың жұмысына жаңа серпін береді. Сіздер де осы сайлауды жоғары деңгейде өткізуге елеулі үлес қосасыздар деп сенемін», – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазіргі заман талабына сай елдегі мемлекеттік басқару жүйесі ауқымды өзгерістерден өтіп жатқанын атап өтті.

«Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Өзгерістердің қорытынды кезеңі барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы болмақ. Қазіргі депутаттар Конституция мен заңдарда көзделген негіздер бойынша өкілеттігі тоқтатылғанға дейін өз міндеттерін атқара береді», – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, мәслихат депутаттарының басым бөлігі Amanat партиясынан сайланған.

«Қазір бұл партия «Әділет» партиясына қосылғандықтан, дербес қызметін тоқтатты. Тиісті заңдық рәсімдер жақын арада аяқталады. Осыдан кейін мәслихат депутаттарының басым бөлігінің өкілеттігіне қатысты құқықтық мәселе туындайды», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев мәслихаттар жергілікті жерлерде тұрғындардың мүддесін білдіру, бюджетті бекіту және өңірлердің дамуын бақылау жөніндегі міндеттерін толық атқаруға тиіс екенін атап өтті.

«Бір сөзбен айтқанда, олар жергілікті жердегі халықтың әл-ауқатын арттыру ісіне белсенді араласуы керек. Өкілді органдардың қызметі заң талаптарына сай жүргізілуге тиіс», – деді Президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Шенеуніктің ұлына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Әңгіме Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың ұлы Ердәулет Закиров туралы болып отыр. Ол 29 мамырда Астана – Павлодар тасжолында жол апатына түсіп, салдарынан жас жігіт екі аяғынан айырылды.

Сарапшы: АИ-92 бензинінің литрі 1 долларға дейін қымбаттауы мүмкін

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов былай деп жазады: «Естеріңізде болса, бұған дейін 2040 жылға дейінгі мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасында ең басты екі сұраққа жауап жоқ екенін жазған едім: мұнайды қайдан аламыз (өзімізде жоқ) және жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытының қуаты ұлғайтылып, төртінші жаңа зауыт салынғаннан кейін жанармай бағасы қандай болады? 

Құрылтай, Халық кеңесі және кері байланыс мәселесі

Вице-президенттің, Құрылтай депутаттары мен Халық кеңесі мүшелерінің есімдері белгілі болды. Енді жаңа Конституция қабылданғаннан кейін де Қазақстандағы билік пен қоғам арасындағы кері байланыс мәселесі шешілмеді деуге негіз бар. Бір палаталы парламент депутаттарының қызметі партиялық шектеулермен шектелсе, Халық кеңесінің мүшелерін Президенттің өзі бекітеді. Журналистер мен блогерлерді жазалауға қатысты бірнеше резонансты жағдайдан кейін бұқаралық ақпарат құралдары өткір мәселелерді көтеруден тартынып жүр. Алайда қордаланған проблемалар бұдан жойылып кеткен жоқ. Билік көздегеніне қол жеткізді. Бірақ өзі қалыптастырған осындай қолайлы жағдай мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығына қаншалықты тиімді?

Қазақстанда жеке қосалқы шаруашылықтар біртіндеп жойылуы мүмкін

Депутат жалпы алғанда орынды ұсыныстар айтып отыр. Атап айтқанда, жайылымдар мен шабындықтарға түгендеу жүргізу, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу және жеке қосалқы шаруашылықтардың жағдайын жақсартудың өзге де жолдарын қарастыруды ұсынады.