Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті Президент туралы конституциялық заңды қабылдады

Қазақстан Парламенті Президент туралы конституциялық заңды қабылдады

|

|

Астана. 20 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Парламент Мәжілісі мен Сенатының сәрсенбі күнгі бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады.

Бұл заң мемлекеттік биліктің жаңа конституциялық құрылымын іске асыруға бағытталған. Құқықтық реттеуді жүйелейтін кешенді құжат 8 тарау мен 43 баптан тұрады.

Заңның бірінші тарауында Президенттің мәртебесі, оның ішінде қызметке кірісу тәртібі, өкілеттік мерзімі және осы лауазымды атқаруға байланысты шектеулер қамтылған.

«Президент сайлауының тәртібіне, ант беру және өкілеттік мерзімдеріне қатысты ережелер кезектен тыс сайлау институтынан бас тарту ескеріле отырып нақтыланды. Айта кету керек, 2022 жылы енгізілген және суперпрезиденттік басқару формасынан арылуға бағытталған тұжырымдамалық ережелер өзгеріссіз қалады. Сөз Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, оның жақын туыстарына қойылатын шектеулер мен мемлекет басшысының партиядан тыс болуы туралы болып отыр», — деп бұған дейін Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев атап өткен болатын.

Жеке бапта алғаш рет Президенттің Халық кеңесіне қатысты өкілеттіктері, соның ішінде оның құрамын бекіту және ұйымдық инфрақұрылымын қалыптастыру мәселелері бекітілген.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты өкілеттіктерін реттейтін жеке норма енгізіліп отыр. Президент омбудсменді қызметке тағайындайды және оның жылдық баяндамасын тыңдайды, бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың институционалдық кепілдіктерін күшейтеді.

Заңның басты жаңалығы — конституциялық деңгейде енгізілген жаңа институт, яғни Вице-президент лауазымын іске асыру. Құжатта Вице-президентті Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайтын тәртіп, сондай-ақ кандидатқа қойылатын нақты біліктілік талаптары белгіленген.

Мұнымен қоса, Вице-президенттің өкілеттігін тоқтату негіздері, жоғары лауазымды тұлға мәртебесіне ұқсас шектеулер қарастырылып, оның негізгі функциясы — Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Президенттің атынан өкілдік ету екені бекітілген.

Бұдан бөлек, заңда Президенттің қызметін қамтамасыз ету мәселелері мен экс-президенттердің мәртебесі реттеледі.

Заң 15 наурызда өткен референдумда қабылданып, үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін Қазақстанның жаңа Конституциясын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ирак өз аумағынан басқа елдерге шабуыл жасауға жол бермейді

Ирак президенті Низар Амиди ел аумағын басқа мемлекеттерге шабуыл жасау үшін пайдалануға билік жол бермейтінін мәлімдеді.

Дунай суы тартылып, Румыния Чернаводэ АЭС-ін сумен қамту үшін шұғыл шараларға кірісті

Қуаңшылық салдарынан Дунайдағы су деңгейі рекордтық көрсеткішке дейін төмендеген. Осыған байланысты Румыния билігі Чернаводэ атом электр станциясының салқындату жүйесіне қажетті су көлемін қамтамасыз ету үшін қосымша шұғыл шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Bloomberg.

АҚШ пен Канада сауда жөнінде келісе алмады, канадалық бірқатар тауарға 50% баж салынады

АҚШ пен Канада жұма күнінің соңына дейін жаңа сауда шарттары бойынша ортақ мәмілеге келе алмады. Осыған байланысты сенбіден бастап Канаданың бірқатар тауарына, соның ішінде сыра мен ірімшікке АҚШ-тың 50 пайыздық баж салығы күшіне енеді, деп хабарлайды The Washington Post (WP).

S&P Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне көтерді

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінен «BBB»-ге көтерді. Болжам – «тұрақты».